Фото: Reuters
Сирия үкіметі Ресейден елдің бұрынғы президенті Башар Асадты экстрадициялауды талап етті, деп Тodayinfo ақпараттық порталы.
Бұл туралы Reuters агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.28 қаңтарда Ресейдің сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богданов бастаған делегация Сирияға сапармен келді. Сапар барысында Богданов Сирияның жаңа әкімшілігінің басшысы Ахмад әл-Шарамен кездесті.
Богдановтың айтуынша, «Ресейдің Сириядағы өмірге араласуы өзгерген жоқ, және тараптар консультацияларды жалғастыруға келісті».
Агенттіктің мәліметінше, кездесу барысында Ахмад әл-Шара Ресейден Башар Асадты Сирия билігіне тапсыруды талап етті.
Сонымен қатар, Сирияның SANA ақпарат агенттігі Дамаск Ресейден «компенсация, қайта қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарын қамтамасыз ету», сондай-ақ «өткен қателіктерді ескеру мен сириялық халықтың еркіне құрметпен қарау» талаптарын қойғанын хабарлады.
Дегенмен, Сирия билігі Асадтың экстрадициясына қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.