Фото: РБК
Сириялық адам құқықтарын бақылау орталығы Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадқа Мәскеуде улауға әрекет жасалғанын хабарлады, деп жазады Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Ұйым дерегіне сәйкес, Асад астананың шетіндегі ауруханаға жатқызылып, қарқынды ем қабылдағаннан кейін 29 қыркүйекте тұрақты жағдайда шығарылған. Оны тек ағасы Махир Асад пен президент аппаратының бұрынғы басшысы Мансур Аззам ғана көре алған.
Ақпарат көздері бұл оқиғаның саяси астары бар екенін айтады. Яғни, әрекеттің мақсаты — Мәскеуді ыңғайсыз жағдайға қалдырып, ресейлік билікті улану ісіне қатысы бар деп көрсету болған. Ресей тарапы әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.
Еске салайық, билік ауысқаннан кейін Башар Асад Сириядан кетіп, Ресейден саяси баспана алған еді.