Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Тоқаев: «Мен, Президент ретінде, жауапкершілік алуым керек»

16 Қыркүйек, 2025

«Төсектен тұра алмай қалдым»: Баян Алагөзова сырқаттанып қалды

16 Қыркүйек, 2025

Жеке кеңістікті бұзғандарға қатаң жаза: сталкингке қарсы заң қабылданды

16 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Тоқаев: «Мен, Президент ретінде, жауапкершілік алуым керек»
  • «Төсектен тұра алмай қалдым»: Баян Алагөзова сырқаттанып қалды
  • Жеке кеңістікті бұзғандарға қатаң жаза: сталкингке қарсы заң қабылданды
  • Қарасаевтың түбіне жеткен қоқыс полигоны: Алматы облысында қатты қоқыс қалдықтары өртеніп жатыр
  • Қасым-Жомарт Тоқаев астықты дер кезінде жинап алуды тапсырды
  • Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті
  • «Бокс дамымай қалған елдердің спорты»: Белгілі жазушының мәлімдемесіне қоғам екіге жарылды
  • 16 жастағы қыздың жыныс мүшесіне таяқ тығып қорлаған әйелдің бірі әкімдікте істеген
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 16 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Сиырларды күтіп-баптау толықтай автоматтандырылған» : Түркістан өңіріндегі сүт кәсіпорны жүз пайыз табиғи сүттен өнім алады

«Сиырларды күтіп-баптау толықтай автоматтандырылған» : Түркістан өңіріндегі сүт кәсіпорны жүз пайыз табиғи сүттен өнім алады

17 Маусым, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысындағы жалғыз роботтандырылған сүт-тауарлы ферма «Бөрте Милка» өнімдерін жүз пайыз табиғи сүттен жасап шығарады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Кәсіпорын 2016 жылдан бері істеп келеді. Кәсіп иелері жұмысты әу баста 400 сиырдан бастағанбыз дейді. Қазір бұл жер жүйелі түрде жұмыс істейтін инфрақұрылымы бар кешен саналады. Фермада қазіргі уақытта  голштейн-фриз тұқымды 750 сауынды сиыры бар: толық роботтандырылған тауарлы сүт фермасы, жеке жем цехы, жас малдарды бордақылау базасы, сүт өнімдерін өндіруге арналған сүт өңдеу зауыты.

Бұзаулар мен сиырларды күтіп-бағу процесі де толық автоматтандырылған, командалар компьютер арқылы беріледі, сауу жұмыстарын роботтар орындайды.

Сиырлардың ең өнімдісі голштейн-фриз тұқымы болып табылады. Оның бірінші партиясы 2016 жылы Венгриядан әкелінген екен. Биыл жаңадан салынған қораның құрылысы аяқталған, бұл айтарлықтай басқа модель. Оған 4 робот қызмет көрсетеді. Ал жалпы сауылатын сүт тәулігіне 20 тонна сүтті құрамақ. Компания кешені өңірдегі жалғыз роботтандырылған сүт-тауарлы ферма болып саналады. Мұндағы барлық жұмысты роботтар атқарады — сиырды тазалап, сауады және тұратын орнын тазалайды. Жемдік үстелде салқындату жүйесі, метеостанциясы бар желдеткіш жүйесі, күндізгідей жарық жүйесі, сиырдың тойғанын анықтау камералары орнатылған.

«Компания екі кластерден тұрады: сүт фермасы және «Бөрте Милка» сүт зауыты. Айта кетерлігі, компанияның өнімдері өз сүтінен жасалған. Сүт өңдеу зауытының өзі 2017 жылдың қазан айында іске қосылды. Жобалық қуаты – тәулігіне 50 тонна. Жаңа сүт өңдеу кешенінің іске қосылуымен кәсіпорын жаңа деңгейге көтеріліп, табиғи сүт өнімдерін өндірушілер арасында өз орнын иеленді. Жалпы кәсіпорынды құруға және дамытуға барлығы 8,7 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Бүгінде кәсіпорындарда 110 адам жұмыс істейді», -деп түсіндірді Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімдігі.

«Бөрте Милка» зауыты өнімдерінің ерекшелігі – 100 пайыз табиғи сүттен жасалған. Сүттің сақталу мерзімі бар-жоғы 7 күн,  қалған өнімдерді дүкен сөрелерінде 24 күн ғана сақтауға болады. Осылайша тұтынушыға тауарды сапалы, әрі балғын күйінде жеткізеді. Жоғары сапа мен тұрақты дәмнің арқасында дүкен сөрелерінде шет елдік сүт өнімдеріне бәсекелес болып отыр.

Бұған қоса өнімнің түпкі бағасын түсіру үшін сүт тауарлы ферманы кеңейту және өндіріс көлемін арттыру мақсатында 5-ші қораның құрылысын аяқталды. Бүгінгі сатып алынған 400 аналық бас 2026-2027 жылға қарай еліміздің ішінде асыл тұқымды аналық бас сиырларын сатуға мүмкіндік береді. Селлекция саласындағы жоғары дәрежелі мамандардың арқасында асыл тұқымды сиырларды ел ішіндегі жаңадан ашылып жатқан фермаларға ұсыну жоспары қарастырылған. Бұл дегеніміз жыл сайын 2026-2027 жылдары 200 ден бастап 500 басқа дейін өткізу мүмкіндігі дегенді білдіреді.

 

Оқылып жатыр

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

Түркістанда орта азияда теңдесі жоқ «Ескек есу» арнасы ашылды

400 оқушы қатысты — Саранда алғашқы Freedom ALGA футбол фестивалі өтті

Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды

Соңғы жазбалар

Тоқаев: «Мен, Президент ретінде, жауапкершілік алуым керек»

16 Қыркүйек, 2025

«Төсектен тұра алмай қалдым»: Баян Алагөзова сырқаттанып қалды

16 Қыркүйек, 2025

Жеке кеңістікті бұзғандарға қатаң жаза: сталкингке қарсы заң қабылданды

16 Қыркүйек, 2025

Қарасаевтың түбіне жеткен қоқыс полигоны: Алматы облысында қатты қоқыс қалдықтары өртеніп жатыр

16 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев астықты дер кезінде жинап алуды тапсырды

16 Қыркүйек, 2025

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

16 Қыркүйек, 2025

«Бокс дамымай қалған елдердің спорты»: Белгілі жазушының мәлімдемесіне қоғам екіге жарылды

16 Қыркүйек, 2025

16 жастағы қыздың жыныс мүшесіне таяқ тығып қорлаған әйелдің бірі әкімдікте істеген

16 Қыркүйек, 2025

«Қайрат әркімге жабысып тасжүрек қылды»: жастық өмірін Айдарбековтар әулетіне берген Жұлдыздың өмірі талқыға түсті

16 Қыркүйек, 2025

«Туған анасын осылай сыйлады ма екен?»: Жанар Айжанованың күйеу баласы мен қызының әрекеті қызу талқыға түсті

16 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.