Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 14 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Соғыс кезіндегі халық наразылығы: Зеленский жемқорлыққа қарсы бюроны өзі бақылауына алды

23 Шілде, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

2025 жылғы 23 шілде күні Украина президенті Владимир Зеленский жемқорлыққа қарсы тәуелсіз агенттіктердің өкілетін шектейтін даулы заңға қол қойды. Бұл шешім Украинада соғыс басталғалы бері президентке қарсы алғашқы жаппай наразылықты тудырды.

Наразылық неге шықты?
Киев, Львов және Одесса қалаларында жүздеген адам көшеге шықты. Олардың көпшілігі жастар. Олар Зеленскийдің Ұлттық жемқорлыққа қарсы бюроны (NABU) президент тағайындайтын Бас прокурордың бақылауына беру туралы заңына қарсы. NABU мен Арнайы жемқорлыққа қарсы прокуратура 10 жыл бұрын Батыс елдерінің талабымен құрылған.

Наразылықтар соғыс жағдайында, Ресейдің күн сайынғы дрон және зымыран шабуылдары кезінде өтті. Бұл қоғамда президент Зеленский билікті өз маңындағы санаулы адамдардың қолына шоғырландырып жатыр деген ашуды күшейтіп отыр.

Protesters in downtown Kyiv on Tuesday. Photo: AFP

Көтерілістің сипаты мен ұрандары
Киевтегі наразылар президент әкімшілігіне жақын театр маңында жиналды. Олар қолмен жазылған «Жүйе маған қарсы жұмыс істесе, маған ол неге керек?», «Ресей болғымыз келе ме?» деген плакаттар көтерді.

Билік пен оппозиция қақтығысы
Заң 450 депутаттың 263-інің қолдауымен қабылданды. Бұл заң Украина Қылмыстық кодексіне жасалған бірқатар өзгерістердің бірі. Зеленскийдің «Халық қызметшісі» партиясы парламентте басымдыққа ие.

Оппозициялық депутаттар бұл заңды тоқтатуға тырысты. Дауыстар беріліп жатқанда «Ұят!» деп айқайлады. NABU басшысы Семен Кривонос президенттен заңға вето қоюды талап етті.

Ukraine’s President Volodymyr Zelensky. Photo: AFP

Халықаралық реакция
АҚШ пен Еуропа Зеленскийден жемқорлыққа қарсы органдардың тәуелсіздігін сақтауды сұрады. Бұл талаптар Украинаға көмек көрсетудің негізгі шарттарының бірі болып есептеледі.

G7 елдерінің елшілері де заң жобасы мен NABU қызметкерлеріне жасалған рейдтерге алаңдаушылық білдірді. Сол күні NABU қызметкері Ресей барлауына ақпарат жіберді деген күдікпен ұсталды.

Наразылыққа қатысқандар кімдер?
Киевтегі шеруге соғыста жараланған ардагерлер де қатысты. Солардың бірі — екі аяғынан айырылған 31 жастағы Мыкола Граднов-Савицкий:

«Қазір қоғамға қайта бейімделіп жатырмын. Елімізге зиян келуіне жол бермейтін адамдарды қолдау үшін келдім», — деді.

Зеленскийдің ұстанымы
Зеленский оппозиция мен G7 ескертуін елемей отыр. Оның орынбасары, ЕО интеграциясына жауапты вице-премьер Тарас Качка:

«Біз заң үстемдігі мен жемқорлықпен күрес бойынша барлық халықаралық міндеттемелерді орындаймыз. Бұл мәселе бойынша ешқандай ымыраға баруға болмайды», — деп мәлімдеді.

2024 жылы Transparency International Украинадағы жемқорлықты қабылдау индексінде елді 180 мемлекеттің ішінде 105-орынға қойды. 2013 жылы бұл көрсеткіш 144-орын болатын. Бірақ соңғы шешімдер Украина мен ЕО арасындағы қарым-қатынасқа кері әсерін тигізуі мүмкін.

NABU Жемқорлық Зеленский

Оқылып жатыр

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Тағы бір елдің президенті жастар көтерілісінен кейін елден қашып кетті

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

«Бейбітшілік үшін ұлы күн»: Трамп үшінші дүниежізілік соғысты тоқтатты

Трамп қысқа мерзімді сапармен Израильге барды

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

Соңғы жазбалар

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025

«Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді» – Тоқаев

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.