Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

6 Қыркүйек, 2025

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

6 Қыркүйек, 2025

Гүлнар Бажкеновамен айқас: жетісулық ақсақал Orda.kz редакторын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті

6 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті
  • Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты
  • Гүлнар Бажкеновамен айқас: жетісулық ақсақал Orda.kz редакторын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті
  • СҚО-да бірін бірі көлікпен соғып өлтірген полицейлердің аты-жөндері белгілі болды
  • Талғарда тағы трагедия: қыз зорлаған күдікті оның ағасын атып өлтіріп, әйелдің екі жастағы баласын ұрлап кетті (видео)
  • «Көтеруге қарсы болған»: Той үстінде қалыңдық кетіп қалды
  • Доп кеудесіне тиген: Футболшы ойын алаңында есінен танып, көз жұмды
  • Шұғыл: СҚО-да ерегескен екі полиция қызметтік көлікпен бір-бірімен соғысып өлді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 7 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Соғысқа 8-сыныбында аттанған»: Орбадасыда 101 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері ұлықталды

«Соғысқа 8-сыныбында аттанған»: Орбадасыда 101 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері ұлықталды

5 Мамыр, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – адамзаттың есінде мәңгі сақталатын маңызды және тағылымды дата. Бұл мерекені әр жыл сайын ұлықтап, майдангерлердің ерлігі мен батырлығын еске алып, олардың кейінгі ұрпаққа қалдырған мұрасын құрметтейміз. Биыл мерекенің 80 жылдығы атап өтіледі. Осыған орай, Түркістан облысы Ордабасы ауданында Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов, Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев және 8-сынып оқушылары ғасыр куәсі болған Ұлы Отан соғысының ардагері, 101 жастағы Қалмен Мұратұлы атамыздың шаңырағында болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалмен Мұратұлы 1924 жылы дүниеге келген. Ол сұрапыл соғысқа 8 сынып оқып жүрген кезінде аттанады. 1941 жылы майдан даласына барып, неміс басқыншыларымен қиян-кескі шайқастарға қатысқан. 1944 жылдың ақпан айында Витебск қаласының маңында болған ұрыста сол қолынан жарақат алып, госпитальға жіберіледі. Осылайша елге ІІ-ші топтағы мүгедек болып оралған.

Кездесуге келген жас сақшылар мен басқа да қатысушылар Қалмен Мұратұлының өмір жолынан көп нәрсе үйреніп, соғыстың ауыр кезеңін, батырлардың ерен ерлігін, сондай-ақ ел үшін күресудің мәнін терең түсінгені сөзсіз. Әсіресе, жас ұрпаққа ардагердің айтқан өнегелі әңгімелері үлкен әсер қалдырды. Қалмен атамыз өз заманындағы қиындықтарға мойымау, әрқашан алға ұмтылу, ел үшін жанын құрбан етуге дайын болу туралы көп айтты.

Бүгінде 101 жасқа келген майдангер өмірлік жұбайымен 6 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген. Олардан 32 немере, 85 шөбере сүйіп отыр.

Майдангермен кездесуде Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев пен Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов Қалмен атамызға жоғары құрмет көрсетіп, оның ерлігін ұлықтады. Сонымен қатар, генерал Мұрат Талапұлы ғасыр жасаған майдангерге денсаулық, отбасына амандық пен құт-береке тілеп, сый-сияпат табыстады. Өзінің өнегелі әңгімелерін жас сақшыларға арнаған қария, генерал бастаған ұжымға алғысын білдірді.

Оқылып жатыр

Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын субсидиялауға 90 млрд теңге бөлінеді

Биыл 116,2 мың тонна мақта жиналады: Жетісай, Шардара және Мақтааралдағы науқанға дайындық талқыланды

Бірлік пен келісім – басты құндылық: Сайрамда ҚХА-ның І сессиясы өтті

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды

Түркістан облысындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес компанияларында 113 студент дуалды оқытудан өтеді

Түркістан облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында ынтымақтастық меморандумы жасалды

Соңғы жазбалар

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

6 Қыркүйек, 2025

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

6 Қыркүйек, 2025

Гүлнар Бажкеновамен айқас: жетісулық ақсақал Orda.kz редакторын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті

6 Қыркүйек, 2025

СҚО-да бірін бірі көлікпен соғып өлтірген полицейлердің аты-жөндері белгілі болды

6 Қыркүйек, 2025

Талғарда тағы трагедия: қыз зорлаған күдікті оның ағасын атып өлтіріп, әйелдің екі жастағы баласын ұрлап кетті (видео)

6 Қыркүйек, 2025

«Көтеруге қарсы болған»: Той үстінде қалыңдық кетіп қалды

6 Қыркүйек, 2025

Доп кеудесіне тиген: Футболшы ойын алаңында есінен танып, көз жұмды

6 Қыркүйек, 2025

Шұғыл: СҚО-да ерегескен екі полиция қызметтік көлікпен бір-бірімен соғысып өлді

6 Қыркүйек, 2025

Бестөбеде «Таза Қазақстан» аясында ауқымды экологиялық акция өтті

6 Қыркүйек, 2025

Елеске айналған экс-сенатор: прокуратура қашқын Қожамжаровтың үстінен қылмыстық іс қозғады

6 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.