Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Талқылайтын бұдан да маңызды мәселе көп»: Ардақ Назаров өзін айыптап жатқан көпшілікке үндеу жасады

12 Қыркүйек, 2025

«Мен үшін қазір жаңа кезең басталды»: Танымал блогер хиджабын шешіп, көпшілік алдына шықты

12 Қыркүйек, 2025

«Батырымыздың рухы шат болғай»: Белгілі кәсіпкер Бекзат Саттархановтың анасына пәтер сыйлады

12 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Талқылайтын бұдан да маңызды мәселе көп»: Ардақ Назаров өзін айыптап жатқан көпшілікке үндеу жасады
  • «Мен үшін қазір жаңа кезең басталды»: Танымал блогер хиджабын шешіп, көпшілік алдына шықты
  • «Батырымыздың рухы шат болғай»: Белгілі кәсіпкер Бекзат Саттархановтың анасына пәтер сыйлады
  • Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады
  • Адам өлімі бар: Алматы облысында оқушылар отырған автобус жеңіл көлікпен соқтығысты
  • Алматыдан 184 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды
  • «Ата-ананың мәжілісте отырып құттықтау жолдағанын көрсе армандары жоқ шығар»: Жанқош Тұраров ағасы Ардақ Назаровты қолдады
  • «Туған ұлым зорлады»: Таразда 41 жастағы келіншек полицияға арыз жазды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 12 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Соңғы 80 жылдан бері болмаған»: Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқынына байланысты үндеуі

«Соңғы 80 жылдан бері болмаған»: Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқынына байланысты үндеуі

6 апреля, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

 

Мемлекет басшысы су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр ахуалға байланысты үндеу жасады. Президент жауапты тұлғалардың апат аймағында болатынын айтып, қиындықты бірлесе жеңеміз деді.

«Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады.Су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды, яғни Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында», — деді Президент.

Мемлекет басшысы апаттың орын алуына атқарушы билікті кінәлады. Президент тапсырмасы бойынша қазір апатпен күресу жұмыстары жалғасып жатыр.

«Атқарушы органдар жіберген олқылықтарды түзеу үшін мен шұғыл түрде нақты тапсырмаларды бердім. Қазір барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Үкімет қарғын судың салдарын жоюға бар күшін салуда.
Премьер-Министрдің басшылығымен Республикалық штаб құрылды. Премьер-Министрдің өзі, оның орынбасарлары және Төтенше жағдайлар министрі апат болған аймақтарды аралап жүр. Барлық құтқару жұмыстары менің тікелей бақылауымда», — деді ол.
Су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурсы тартылды. Сондай-ақ құтқару жұмыстарына Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Қарулы Күштер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары белсене атсалысып жатыр. Зардап шеккен аймақтардың әкімдіктері күндіз-түні жұмыс істеуде. Ондаған мың волонтер де көмектесіп жүр.

«Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы.Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі.Біз алапат су тасқынынан тиісті қорытынды шығаруымыз керек. Яғни, жіберілген олқылықтарды түзетіп, тиісті сабақ алуымыз қажет. Ал ондай сабақтар аз емес», — деді Қасым—Жомарт Тоқаев.

Апаттардың алдын алу жұмысындағы кемшіліктен бастап, су шаруашылығы мамандарының тапшы болуы, табиғатқа немқұрайлы қарауға дейін көп мәселені реттеу қажет. Үкімет және жергілікті атқарушы органдар су тасқынымен күресті тиімді үйлестіріп отыруға тиіс. Президент су басқан аумақтарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қажет екенін айтты.

«Менің бұйрығыммен апатқа қарсы күреске Қорғаныс министрлігі қосымша әскери күштерін жолдайды. Халыққа көмектесу үшін Үкіметке мемлекеттік материалдық резервті пайдалануды тапсырамын. Сондай-ақ Үкімет шығындарды өтеудің тиімді жолдарын шұғыл қарастыруға тиіс. Оны зардап шеккен азаматтарға жан-жақты түсіндіру керек. Берілетін өтемақы шығынды толық жабуы қажет.
Жағдайы неғұрлым күрделі аймақтардағы жұмысты үйлестіру үшін Үкімет басшысының орынбасарларына аймақтарға шығуды тапсырамын. Олар ахуал түзелгенше сол жерде болады. Ақпараттық штаб азаматтарды мемлекет қабылдап жатқан барлық шаралар жөнінде үздіксіз және жан-жақты хабардар етіп отыруға тиіс», — деді Мемлекет басшысы.

Презилент Бұқаралық ақпарат құралдарына, белсенді азаматтарға және блогерлерге жұртты дүрбелеңге салатын жалған ақпараттарды таратпау қажет екенін ескертті.

«Қазіргі уақытта билік пен қоғамды ұйыстыратын әрекеттер жасау аса маңызды. Азаматтарды тек қана ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамын. Құтқарушыларға, тәртіп сақшыларына, волонтерлерге және апатпен күресуге атсалысып жатқан барша жұртқа алғысымды айтамын. Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты еңсереміз. Бұл біздің қолымыздан келеді», — деді Тоқаев.

Оқылып жатыр

«Талқылайтын бұдан да маңызды мәселе көп»: Ардақ Назаров өзін айыптап жатқан көпшілікке үндеу жасады

«Мен үшін қазір жаңа кезең басталды»: Танымал блогер хиджабын шешіп, көпшілік алдына шықты

«Батырымыздың рухы шат болғай»: Белгілі кәсіпкер Бекзат Саттархановтың анасына пәтер сыйлады

Адам өлімі бар: Алматы облысында оқушылар отырған автобус жеңіл көлікпен соқтығысты

Алматыдан 184 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды

«Ата-ананың мәжілісте отырып құттықтау жолдағанын көрсе армандары жоқ шығар»: Жанқош Тұраров ағасы Ардақ Назаровты қолдады

Соңғы жазбалар

«Талқылайтын бұдан да маңызды мәселе көп»: Ардақ Назаров өзін айыптап жатқан көпшілікке үндеу жасады

12 Қыркүйек, 2025

«Мен үшін қазір жаңа кезең басталды»: Танымал блогер хиджабын шешіп, көпшілік алдына шықты

12 Қыркүйек, 2025

«Батырымыздың рухы шат болғай»: Белгілі кәсіпкер Бекзат Саттархановтың анасына пәтер сыйлады

12 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

12 Қыркүйек, 2025

Адам өлімі бар: Алматы облысында оқушылар отырған автобус жеңіл көлікпен соқтығысты

12 Қыркүйек, 2025

Алматыдан 184 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды

12 Қыркүйек, 2025

«Ата-ананың мәжілісте отырып құттықтау жолдағанын көрсе армандары жоқ шығар»: Жанқош Тұраров ағасы Ардақ Назаровты қолдады

12 Қыркүйек, 2025

«Туған ұлым зорлады»: Таразда 41 жастағы келіншек полицияға арыз жазды

12 Қыркүйек, 2025

ФБР Чарли Кирктың өліміне қатысты жаңа деректерді жариялады

12 Қыркүйек, 2025

«Бәрін көре тұра үндемеген»: Түркістан облысында әкесін ұрып-соққан ер адамның әйеліне де қылмыстық іс қозғалды

12 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.