Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Қоштасу қандай қиын: Әнші Меруерт Түсіпбаева трагедияға тап болды

20 Қараша, 2025

«Қауіпсіздік құтқарады»: Астананың барлық мектептерінде полиция акция өткізіп жатыр

20 Қараша, 2025

Tesla Education: Білім ошағы ма, әлде қаржылық тұзақ па?

20 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қоштасу қандай қиын: Әнші Меруерт Түсіпбаева трагедияға тап болды
  • «Қауіпсіздік құтқарады»: Астананың барлық мектептерінде полиция акция өткізіп жатыр
  • Tesla Education: Білім ошағы ма, әлде қаржылық тұзақ па?
  • Никол Пашинян Астанаға келді (ФОТО, ВИДЕО)
  • «Не дейсіз?»: Қорғаныс министрі әскердегі өлім-жітім туралы сұрақ қойылғанда күліп жіберді
  • Зардап шеккендер бар: Алматыда екі автобус соқтығысты
  • Нетаньяхудың көздегені не: Израильдің Палестинаны мойындамауы неге әкелуі мүмкін?
  • Тоқаев Ерлан Қаринға парламенттік жүйені жаңғырту бойынша нақты ұсынымдар әзірлеуді тапсырды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 21 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Сот залындағы әйнекті сындырған атышулы Хасан Қасымбаевты тағы қандай жаза күтіп тұр?

Сот залындағы әйнекті сындырған атышулы Хасан Қасымбаевты тағы қандай жаза күтіп тұр?

20 Қараша, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: kaztag

Алматы облысының полициясы 11 қарашада үкім жарияланар алдында сотталушыларға арналған кабинадағы терезені сындырған Хасан Қасымбаевтың әрекетін тексеріп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облыстық полиция департаменті бұл факт аудандық полиция бөлімінде тіркелгенін мәлімдеді.

«Барлық қажет процессуалдық тексерулер жүргізіліп жатыр. Олар аяқталғаннан кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады», – делінген полиция мәлімдемесінде.

Полиция өкілдері сонымен қатар Талғар аудандық сотының әкімшілігінен бұл оқиғаға қатысты ешқандай шағым түспегенін мәлімдеді. Бұған дейін Алматы облысы сот әкімшілігі департаменті сот залын «тиісті күйге» келтіргенін, ал сынған пластик терезені сотталушы Хасан Қасымбаевтың туысы қалпына келтіргенін айтқан еді.

Оқиғаға адвокат Абзал Қасымжанов түсініктеме беріп, соттағы мүлікті бүлдіргені үшін Қасымбаевқа қандай жаза қолданылуы мүмкін екенін түсіндірді.

Оның айтуынша, заңнама мұндай әрекеттерді келесі баптар бойынша қарастыруы мүмкін:

— ҚК 202-бабы – «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру»

— ҚК 410-бабы – «Сотты құрметтемеу»

— ҚК 293-бабы – «Бұзақылық»

«Заңнама бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін қылмыстық жауапкершілікті тікелей көздейді. Қылмыстық кодекс бұл қылмыс үшін, оның ішінде 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі санкция қарастыруы мүмкін», – деді адвокат.

Сондай-ақ Абзал Қасымжанов Қасымбаев сотты құрметтемеу бабымен де жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтады. Бұл бап бойынша:

—    160 АЕК-ке дейін айыппұл (2025 жылғы есеппен 629 120 теңге);
—    осы мөлшерде түзету жұмыстары;
—    160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар;
—    40 тәулікке дейін қамау қарастырылған.

Бұдан бөлек, оның әрекеті бұзақылық деп те бағалануы мүмкін.

«Яғни қоғамға айқын құрметсіздік білдіріп, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу, оған қоса бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру. Бұл бап бойынша да 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – деді адвокат.

Еске салайық, 11 қарашада үкім оқылатын күні Хасан Қасымбаев сотталушыларға арналған кабинадағы пластик әйнекті сындырған. Оқиға Қасымбаев пен басқа айыпталушылардың сот залында журналистердің болуына наразылығынан туған. Ол «Мыналардың бәрін шығарыңдар» деп айқайлап, пластик терезені ұрған.

Әйнек сынықтары залға шашылды. Оны видеоға түсіріп үлгермеді, өйткені айыпталушылардың туыстары мен жақтастары кадрға түсіп қалмау үшін бетін жауып тұрған.

Осыдан кейін сот қызметкерлері журналистер мен операторларды залдан шығарып жіберді. Алматы облыстық сотының баспасөз хатшысы олардың «қауіпсіздігі үшін» шығарылғанын айтты.

Процесс аяқталған соң адвокат Нариман Кервенов өз қорғалушысының әрекетіне пікір білдірді.

«Өзім бұл сәтті көрмедім, бірақ әркім өз наразылығын түрліше білдіреді. Біреу бірдеңені сындырады, біреу сөзбен айтады. Мен көрмеген соң нақты баға бере алмаймын», – деді ол.

11 қарашада сот Хасан Қасымбаевты адам ұрлады, қасақана ауыр дене жарақатын салды және қорқытып ақша алған деген айыптар бойынша кінәлі деп таныды.

Қылмыстар жиынтығы бойынша ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орта қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Соңғы сөзінде Қасымбаев өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, істің қолдан жасалғанын айтып, өзін ақтауды сұраған. Алайда оның уәждерін негізсіз деп тапты.

Басқа сотталушылар 8 жылдан 22 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

сот үкімі Хасан Қасымбаев Хутор

Оқылып жатыр

«Не дейсіз?»: Қорғаныс министрі әскердегі өлім-жітім туралы сұрақ қойылғанда күліп жіберді

Зардап шеккендер бар: Алматыда екі автобус соқтығысты

Өзімнің жұмысыма көңілім толады — Шыңыс Қазақстан облысының әкімі

Қазақстанда адамдарды рұқсатсыз фото-видеоға түсіруге тыйым салынуы мүмкін

«Нағыз махаббат деген осы»: Арбаға таңылған жігіттің үйлену тойы желіде қызу талқыға түсті

Алматы облысында әлеуметтік осал топтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда

Соңғы жазбалар

Қоштасу қандай қиын: Әнші Меруерт Түсіпбаева трагедияға тап болды

20 Қараша, 2025

«Қауіпсіздік құтқарады»: Астананың барлық мектептерінде полиция акция өткізіп жатыр

20 Қараша, 2025

Tesla Education: Білім ошағы ма, әлде қаржылық тұзақ па?

20 Қараша, 2025

Никол Пашинян Астанаға келді (ФОТО, ВИДЕО)

20 Қараша, 2025

«Не дейсіз?»: Қорғаныс министрі әскердегі өлім-жітім туралы сұрақ қойылғанда күліп жіберді

20 Қараша, 2025

Зардап шеккендер бар: Алматыда екі автобус соқтығысты

20 Қараша, 2025

Нетаньяхудың көздегені не: Израильдің Палестинаны мойындамауы неге әкелуі мүмкін?

20 Қараша, 2025

Тоқаев Ерлан Қаринға парламенттік жүйені жаңғырту бойынша нақты ұсынымдар әзірлеуді тапсырды

20 Қараша, 2025

Сот залындағы әйнекті сындырған атышулы Хасан Қасымбаевты тағы қандай жаза күтіп тұр?

20 Қараша, 2025

Өзімнің жұмысыма көңілім толады — Шыңыс Қазақстан облысының әкімі

20 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.