Созақ ауданында жылдағы дәстүрге сай шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстары басталды. Бүгінде Жартытөбе ауылдық округіне қарасты «Таскөмірсай» маңындағы егістік алқабында 150 гектар, Құмкент ауылдық округіне қарасты Сарысу ауданымен шекаралас 100 гектар аумақта залалсыздандыру шаралары жүргізілді. Жалпы көлемі 850 гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. Аталған шараларға қажетті 8 техника жұмылдырылды.
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков зиянкестермен күрес жұмыстары жүріп жатқан аумақтарға арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстарға бақылау жүргізуде. Өңір басшысы жауапты мекемеге залалсыздандыру жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Айта кетейік, аталған аумақтарда өткен жылы саяқ шегіртке түрі тіркеліп, 930 гектар жер залалсыздандырылған болатын. Ал биыл алғаш рет Сарысу ауданымен шекаралас аумақта итальяндық шегіртке түрі анықталып отыр. Қазіргі таңда болжам орталығының мамандары зиянкестердің дернәсілдері анықталған аумақтарды тұрақты бақылауға алып, олармен күрес шараларын жүргізіп жатыр.
Trending
- «Көтеруге қарсы болған»: Той үстінде қалыңдық кетіп қалды
- Футболшы ойын алаңында есінен танып, көз жұмды
- Екі полицей қызметтік көлікпен бір-біріне соғып қаза тапты
- Бестөбеде «Таза Қазақстан» аясында ауқымды экологиялық акция өтті
- Елеске айналған экс-сенатор: прокуратура қашқын Қожамжаровтың үстінен қылмыстық іс қозғады
- «Жыныс мүшесіне таяқ тығып, зорлаған»: Алматы облысында жас қызды аяусыз қорлаған әйелдер қамауға алынды
- Таза Қазақстан: Маралсай шатқалынан 2 тонна тұрмыстық қалдық жинады
- Ешкім сатып алмай қойған Кәрім Мәсімовтың үйіне байланысты шешім шықты