Созақ ауданында жылдағы дәстүрге сай шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстары басталды. Бүгінде Жартытөбе ауылдық округіне қарасты «Таскөмірсай» маңындағы егістік алқабында 150 гектар, Құмкент ауылдық округіне қарасты Сарысу ауданымен шекаралас 100 гектар аумақта залалсыздандыру шаралары жүргізілді. Жалпы көлемі 850 гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. Аталған шараларға қажетті 8 техника жұмылдырылды.
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков зиянкестермен күрес жұмыстары жүріп жатқан аумақтарға арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстарға бақылау жүргізуде. Өңір басшысы жауапты мекемеге залалсыздандыру жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Айта кетейік, аталған аумақтарда өткен жылы саяқ шегіртке түрі тіркеліп, 930 гектар жер залалсыздандырылған болатын. Ал биыл алғаш рет Сарысу ауданымен шекаралас аумақта итальяндық шегіртке түрі анықталып отыр. Қазіргі таңда болжам орталығының мамандары зиянкестердің дернәсілдері анықталған аумақтарды тұрақты бақылауға алып, олармен күрес шараларын жүргізіп жатыр.
Trending
- «Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады
- Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды
- Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр
- Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей, шуға ұласты
- Ақсудағы дауылдан қаза тапқан әйелдің отбасына қандай көмек көрсетілді
- Наркенженің назы: Елді шулатқан әнші сөзінен «секіріп», басшысымен бірікті
- «Ұлын құтқармақ болған»: Алматы облысына баласы мен анасы қатар суға кетті
- Владимир Зеленский соғыс аяқталғанға дейін президенттіктен кетпейтінін айтты