Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Әлемге әйгілі Chicco бренді Алатау қаласында өндіріс ашады

11 Қазан, 2025

«Таңертең түрмеге, түсте ауруханаға баратын едім»: Айсәуле Бақытбек жан сырын ақтарды

11 Қазан, 2025

Жас футболшыны күзет қоршаған: Дастан Сәтпаевтың видеосы талқыға түсті

11 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Әлемге әйгілі Chicco бренді Алатау қаласында өндіріс ашады
  • «Таңертең түрмеге, түсте ауруханаға баратын едім»: Айсәуле Бақытбек жан сырын ақтарды
  • Жас футболшыны күзет қоршаған: Дастан Сәтпаевтың видеосы талқыға түсті
  • Қазақстан жол апатынан әлемде үшінші орында тұр
  • Қордайда тұрғындармен «Заң және тәртіп» қағидаты талқыланды
  • Ұлытау облысында әйгілі әнші Қайрат Байбосыновтың мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті
  • Қызылордада Қорқыт мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық конференция өтті
  • Қызылорда облысының әкімі агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша тапсырмалар берді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 11 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Спорт сарапшысы: «Кезіндегі чемпиондар сұрамшақтанып, ақша, үй, көлік бермеді деп жүр»

27 Қыркүйек, 2025 Басты тақырып
Фото: massaget.kz
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Спорт журналисі, сарапшы Руслан Меделбек: «Кейінгі кезде спортшылардың мемлекетке қол жайып, сұрамшақтанып, ақша, үй, көлік бермеді деген сөздерін жиі көріп жүрміз. Чемпион болғанда мемлекеттен сыйын алып, кейін карьерасын аяқтаған соң да елге қол жаятындар да бар. Спортшы құрамаға енгені үшін жалақы, облыстардан стипендия алады. Осының өзі олардың еңбегінің төлеуі болуы керек. Мемлекеттен бір, облыстан бір сыйақы алғысы келіп тұратын синдромнан арылған жөн. Спорт шенеуніктері бұл манипуляцияға (манипуляция деп білем) алданбай бұқаралық спортқа көңіл бөлуі тиіс» деген пікірін жеткізді.
Русланның айтуынша оның өзі тұрып жатқан Чехияда спортшылар мемлекетке қол жаймайды. Олимпиада жүлдесіне мемлекеттен сыйақы беріледі. Ал әлем чемпионатында медаль алса федерациялар ақша беріп жатады. Федерация спортшыларға ақша беру үшін демеуші табуы керек. Ақша сол демеушілерден беріледі. Мұнда спортшының жүлдесі — оның жеке жетістігі. Жүлде алдың демеушің көбейеді, жарнамаға түсіп ақша табасың. Жүлдең жарнама нарығына жол ашады. Ал мемлекет бұқаралық спортқа жол ашуы тиіс. Қазір мұнда теннис, футбол, хоккей, биатлон, коньки, жеңіл атлетика бұқараға ашық. Мемлекет субсидияны балалар спортына береді. Теннис корттары, мұз айдын, футбол, волейбол, баскетбол алаңдары көп.
Ал бұған журналист Нұрсейіт Жылқышыбай келіспейді.
«Бауырым, ән ұранымызды әлемдік аренада шырқатып, абыройымызды асқақтатқан азаматтарға екінші мүмкіндік берілу керек… Қазақтың баласын чехтар мен салыстырудың қажеті жоқ!» деген пікірін жеткізді Н. Жылқышыбай.
«Бұған қоса, спорт абономенттері бар. Айына ересектерге 1000-1500 крон (25-40 мың теңге), балаларға 500 крон (13 мың теңге) болады. Картамен елдегі көп спорт залдарына күнде баруға болады. Кейбір компаниялар жұмысшыларына әлеуметті көмек ретінде бұл карталарды тегін береді. Картаң болса кез келген қаладан бассейн, теннис, массаж, коньки, йога тауып алып, бара бересің. Медсақтандыру сияқты. Көп спорт кешендері абономентпен кіргізеді. Картасыз барса айына 100-200 мың теңге шығады.
Елге медаль, жүлде емес халықтың денсаулығы, бұқаралық спорттың дамығаны маңызды. Жеңілсе ел жеңілісті оңай қабылдайды, жеңсе қуанады.
Спортшылардың манипуляция жасауына кейде әріптестер, спорт журналистері де үлес қосып жүр. Сұхбатта «мемлекет не берді?» деп отты көсеп отырады. Қоғам, ел, мемлекет спортшыға чемпион болуға жағдай жасады. Қоғам мен мемлекеттік міндеті жағдай жасау, нәтиже көрсету спортшыдан. Жеңіп келсе мемлекет аяп та жатқан жоқ» дейді журналист.

Оқылып жатыр

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

БҚО-да жаңа индустриялық кезең басталады: 14 инвестициялық ірі жоба қолға алынды

17 жастағы боксшының денесі табылды: Оның әкесі де жұмбақ жағдайда қаза тапқан

Жанармай дағдарысының жаңа толқыны: Қазақстан 2022 жылғы қаңтардың жолына түсе ме?

«Уақытым жоқ»: «Барыстың» бас бапкері қазақ тіліне қатысты пікір білдірді

Экобелсенділер дабыл қақты: «Алматыда қоқыс жағу зауытын салу, экологияға төнген қатер»

Соңғы жазбалар

Әлемге әйгілі Chicco бренді Алатау қаласында өндіріс ашады

11 Қазан, 2025

«Таңертең түрмеге, түсте ауруханаға баратын едім»: Айсәуле Бақытбек жан сырын ақтарды

11 Қазан, 2025

Жас футболшыны күзет қоршаған: Дастан Сәтпаевтың видеосы талқыға түсті

11 Қазан, 2025

Қазақстан жол апатынан әлемде үшінші орында тұр

11 Қазан, 2025

Қордайда тұрғындармен «Заң және тәртіп» қағидаты талқыланды

10 Қазан, 2025

Ұлытау облысында әйгілі әнші Қайрат Байбосыновтың мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті

10 Қазан, 2025

Қызылордада Қорқыт мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық конференция өтті

10 Қазан, 2025

Қызылорда облысының әкімі агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша тапсырмалар берді

10 Қазан, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге сапармен барады

10 Қазан, 2025

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

10 Қазан, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.