Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

24 жастағы қыз пластикалық операциядан кейін қайтыс болған

21 Маусым, 2025

Астанада ер адам көпірден секірмек болды

21 Маусым, 2025

«Димашпен базарда ән айттым»: белгілі блогер қалай әнші болғанын айтты

21 Маусым, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 24 жастағы қыз пластикалық операциядан кейін қайтыс болған
  • Астанада ер адам көпірден секірмек болды
  • «Димашпен базарда ән айттым»: белгілі блогер қалай әнші болғанын айтты
  • 48 жастағы ер адам аттестат алды
  • «Жаңа адаммен жаңа өмір»: Жұлдыз Әбдікәрімова қуанышын бөлісті
  • Қостанайда екі рет үйі өртенген отбасы дала тұрып жатыр
  • Мас жүргізуші балаларды лагерьге апара жатқан жерінен ұсталды
  • Назарбаев мектебінен қуылған бала аттестат алды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 21 Маусым
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » СҚО-да ит қапқан адамдардың саны артты

СҚО-да ит қапқан адамдардың саны артты

29 апреля, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Солтүстік Қазақстан облысында ит қауып, дәрігерге қаралған адамдардың саны артты. Санитар дәрігерлер мұны су тасқынымен байланыстырып отыр.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Юлия Гайсинаның айтуынша, жыл басынан бері өңірде ит-мысықтан, жабайы жануарлардан зардап шеккен 236 адам дәрігерге қаралған. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11,8% көп.

«Зардап шеккендердің 155-ін немесе 65,7% ит қапқан, 69 адам немесе 29,2% мысықтан зардап шеккен, бір адамды түлкі қапса, 6 адамды жылқы тістеп алған. Сондай-ақ 5 адам тышқандар мен егеуқұйрықтардан зардап шекті.

Антирабиялық көмекке жүгіну Айыртау ауданында 11 жағдайға, Ақжар ауданында 5 жағдайға, Ғ. Мүсірепов ауданында 18 жағдайға, Есіл ауданында 7 жағдайға, М. Жұмабаев ауданында 3 жағдайға және Тайынша ауданында 6 жағдайға артып отыр», — дейді Юлия Гайсина.

Маманның айтуынша, барлық жағдайлар бойынша эпизоотолого-эпидемиологиялық тергеу жүргізілді. Өтініш білдіргендердің ішінен 236 адам екпе алды.

Сондай-ақ, су тасқыны кезінде Петропавлдағы көпсалалы қалалық аурухананың травматологиялық пунктіне антирабиялық көмек алу үшін 14 волонтер мен құтқарушы жүгінген. Оларды уақытша ұстау пункттеріндегі иттер қауып алған.

«Қолданыстағы ережелерге сәйкес иттерді байлап немесе қоршауда ұстау керек, серуендеуге қарғыбаумен және тұмылдырықпен шығару қажет. Бұл үй жануарларының қаңғыбас иттермен және ауру жабайы жануарлармен байланысына жол бермеу үшін керек. Барлық иттер құтырма ауруына қарсы егілуі керек.

Өйткені СҚО құтырма ауруының табиғи ошағы аймағында орналасқан. Әсіресе қысқы-көктемгі кезеңде эпизоотиялық белсенділік байқалады, бұл кезде қауіпті вирусты жабайы жануарлар ит-мысық, ауылшаруашылық жануарларына жұқтырып, салдарынан адамдардың ауыру қаупі артады», — дейді санитар дәрігер.

СҚО-да құтырма ауруы 1998 жылдан бері тіркелмеген.

«Құтырма ауруы — орталық жүйке жүйесіне әсер ететін вакцинамен бақыланатын зоонозды вирустық ауру. Клиникалық симптомдары пайда болған жағдайда 100% өліммен аяқталады. Құтырма вирусын адамдар 99% иттен жұқтырады. Инфекция адамдар мен жануарларға сілекей, әдетте қапқан кезде немесе жараларға, шырышты қабаттар — мысалы, көз, ауыз қуысына түсу арқылы жұғады.

Құтырмаға қарсы ем жоқ. Ауруды тек вакцинация арқылы болдырмауға болады. Профилактикалық егулер жеңіл өтеді. Вакцинация кезінде дәрумендер мен ақуыздарға бай тамақ ішіп, гипотермиядан, ыстықтаудан, денеге шамадан тыс салмақ салудан аулақ болу керек, сонымен қатар алкогольдік ішімдіктерді тұтынудан бас тартқан жөн», — дейді Юлия Гайсина.

Маманның айтуынша, ит қапқан жағдайда тісі тиген жерді дереу сабынмен және сумен кем дегенде 15-20 минут бойы жууы керек, жараның шетін 70% спиртпен немесе 5% йод тұнбасымен өңдеп, құтырмаға қарсы вакцина қойдыру үшін медициналық мекемеге мүмкіндігінше ертерек жүгіну керек. Екпе тегін жасалады.

 

адамдардың артты ит саны СҚОда қапқан

Оқылып жатыр

24 жастағы қыз пластикалық операциядан кейін қайтыс болған

Астанада ер адам көпірден секірмек болды

«Димашпен базарда ән айттым»: белгілі блогер қалай әнші болғанын айтты

48 жастағы ер адам аттестат алды

«Жаңа адаммен жаңа өмір»: Жұлдыз Әбдікәрімова қуанышын бөлісті

Қостанайда екі рет үйі өртенген отбасы дала тұрып жатыр

Соңғы жазбалар

24 жастағы қыз пластикалық операциядан кейін қайтыс болған

21 Маусым, 2025

Астанада ер адам көпірден секірмек болды

21 Маусым, 2025

«Димашпен базарда ән айттым»: белгілі блогер қалай әнші болғанын айтты

21 Маусым, 2025

48 жастағы ер адам аттестат алды

21 Маусым, 2025

«Жаңа адаммен жаңа өмір»: Жұлдыз Әбдікәрімова қуанышын бөлісті

21 Маусым, 2025

Қостанайда екі рет үйі өртенген отбасы дала тұрып жатыр

21 Маусым, 2025

Мас жүргізуші балаларды лагерьге апара жатқан жерінен ұсталды

21 Маусым, 2025

Назарбаев мектебінен қуылған бала аттестат алды

21 Маусым, 2025

70 жастағы қарт дәрігер ұсталды

20 Маусым, 2025

Ақшаңызды алыңыз: Зейнетақы қоры жар салды

20 Маусым, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.