Фото: видео скриншот
Степногорскі әкімдігі халықпен кездесу өткізіп, тұрғындардың қордаланған мәселелерін тыңдап, барынша ашық жауап берді. Қаланың коммуналдық төлемдерге қатысты түсініксіз есептеулерге наразы тұрғындар әкімдікке шағымдарын ашық жеткізді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы.
Жиналыс кезінде зейнеткерлер «квитанциялардан не үшін артық ақша шығатынын ешкім түсіндірмейді» деп, өздері түсіне алмаған есептеулердің жауабын сұрады.
Тұрғындардың айтуынша, «Теплотранзит» компаниясының есептері ашық жарияланбайды, ал архив тек айына бір рет қана тексеріледі. Өз кезегінде халықтың пікірн тыңдаған әкімдік өкілдері болса, аталған ұйымның мамандарымен кездесіп, мәселені анықтауға тырысатындарын айтты.
Жиынға көбінесе қазіргі тарифтік есептеулерді түсіне бермейтін зейнеткерлер жиналды. Қала тұрғындары кездесуді оң бағалап, десе де жылу тарифтері бойынша толық аудит жүргізудің қажет екенін еске салды.
Степногорск халқы жылудың биыл үздіксіз берілетініне сенімді. Қысы қатты, әрі ұзаққа созылатын қаланың тұрғындары биыл тоңбайды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Астанада арнайы өткізген брифинг кезінде де Степногорск қаласында жылу қазандығы толық жаңартылағанын, қала түрғындарына қажетті жылу толық көлемде беріліп жатқанын нақтылап айтқан еді.
Жаңарту жұмыстары жеке инвесторлардың қаражаты арқылы жүзеге асты.

