Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту»: Атырауда 15 медициналық нысанның құрылысы аяқталды

19 Қараша, 2025

«Кітап оқитын ұлт»: Қостанай облысынан 55 мыңнан астам адам жобаға қатысуда

19 Қараша, 2025

Адасқан әкеңе үлгі бол»: Қарақат Әбілдинаның әпкесі Тұрсынбектің үлкен ұлына ақыл айтты

19 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту»: Атырауда 15 медициналық нысанның құрылысы аяқталды
  • «Кітап оқитын ұлт»: Қостанай облысынан 55 мыңнан астам адам жобаға қатысуда
  • Адасқан әкеңе үлгі бол»: Қарақат Әбілдинаның әпкесі Тұрсынбектің үлкен ұлына ақыл айтты
  • «Көзі тірісінде бағалайық»: Баян Алагөзова Мақпал Жүнісова жайлы кино түсіргісі келгенін айтты
  • Баум тоғайы жойылу алдында ма? Белсенділер элиталық тұрғын үй қаупі туралы айтты
  • «Шындықтан қашатындардың әдеті осы»: Атышулы Хасан Қасымбаев Жан Ахмадиевтің үстінен арыз жазған
  • «Қазанда ғана айтқан едік»: Үкімет басшысы Алғабастағы өрттен кейін министрлер мен әкімдерге тапсырма берді
  • «Деңгейлері той тойлаудан аспаған»: әнші Қарақат Әбілдина тұсау кесу бизнесіне белсене кірісті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 19 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » «Сүмелектердің мекені»: белсенді Жазушылар Одағын аямай сынға алды

«Сүмелектердің мекені»: белсенді Жазушылар Одағын аямай сынға алды

18 Қараша, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: qazaqadebieti.kz

Белсенді Абзал Достияр қазіргі қазақ қаламгерлерінің қоғам алдындағы рөлін қатты сынға алды. Оның айтуынша, журналист Мирболат Мырзатайұлының қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткені үшін 4 жылға сотталуы — «зиялы қауымның үнсіздігіне берілген айқын баға». Бұл туралы Todayinfo.kz хабарлайды.

Абзал Достияр әлеуметтік желідегі жазбасында елдегі саяси тұтқындар мәселесі ушығып бара жатқанын атап өтіп, Мирболат Мырзатайұлына шыққан үкімнің әділетсіз екенін қатаң сынға алған. Ол «сүмелек» сөзінің мағынасына тоқталып, қазіргі кейбір қаламгерлердің әрекеті (немесе әрекетсіздігі) дәл осы ұғымға сай келетінін айтады.

«Мирболат ешкімге қол көтерген жоқ, ештеңені бүлдірген жоқ, ешқандай да жанжал туындаған жоқ. Бірақ соған қарамастан, оны тіл мәселесін көтергені үшін соттады. Ал біздің жазушылар әділдік туралы ауыз ашпай отыр. Сол үшін оларды ‘сүмелек’ деуге толық негіз бар», — дейді белсенді.

Белсендінің айтуынша, Жазушылар одағының жүздеген мүшесі елдегі саяси қуғын-сүргінге, белсенділердің қамауға алынуына көз жұма қарап отыр.

«Мыңға жуық мүшесі бар Одақ Думан мен Әйгерім, Марат секілді саяси тұтқындар түрмеге қамалғанда үндемей қалды. Ешкім араша түскен жоқ», — деп жазды ол.

Сонымен бірге ол жаңа төрағаның «Жазушылар оппозиция болмауы тиіс» деген пікірін және Қосановты кеңесші етуін «қаламгерлердің беделін түсіретін шешім» деп бағалап, сатқындыққа теңеді.

Абзал Достиярдың жазбасында қаламгерлердің екіжүзділігі, шындықты айтудан қашуы, қазақ тілінің тағдыры сынға түскен сәттерде үнсіз қалуы ерекше атап өтіледі.

«Қазақ тілінің мәселесі күн тәртібінде тұрғанда, неге тілі шықпайды? Марапат алуға келгенде жарысады, ал әділет туралы сөз болса — бәрі жоқ. Сендер үнсіз отырсаңдар, елдің тозуына да, биліктің шектен шығуына да тікелей үлес қосып отырсыңдар», — деп жазады белсенді.

Алматылық белсенді және блогер Мирболат Мырзатайұлына Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол сотта өзіне тағылған айыппен келіспейтінін, істің саяси сипаты барын бірнеше рет айтқан.

Оқылып жатыр

«Кітап оқитын ұлт»: Қостанай облысынан 55 мыңнан астам адам жобаға қатысуда

Баум тоғайы жойылу алдында ма? Белсенділер элиталық тұрғын үй қаупі туралы айтты

«Шындықтан қашатындардың әдеті осы»: Атышулы Хасан Қасымбаев Жан Ахмадиевтің үстінен арыз жазған

«Қазанда ғана айтқан едік»: Үкімет басшысы Алғабастағы өрттен кейін министрлер мен әкімдерге тапсырма берді

Белгілі белсенді Парламентті ЛГБТ-қозғалысының қысымына берілмеуге шақырды (ВИДЕО)

«Басшының көзіне түсем деген көтерем ой»: белгілі журналист трагедиядан ұпай жинамақ болған шенділерді сынға алды

Соңғы жазбалар

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту»: Атырауда 15 медициналық нысанның құрылысы аяқталды

19 Қараша, 2025

«Кітап оқитын ұлт»: Қостанай облысынан 55 мыңнан астам адам жобаға қатысуда

19 Қараша, 2025

Адасқан әкеңе үлгі бол»: Қарақат Әбілдинаның әпкесі Тұрсынбектің үлкен ұлына ақыл айтты

19 Қараша, 2025

«Көзі тірісінде бағалайық»: Баян Алагөзова Мақпал Жүнісова жайлы кино түсіргісі келгенін айтты

19 Қараша, 2025

Баум тоғайы жойылу алдында ма? Белсенділер элиталық тұрғын үй қаупі туралы айтты

19 Қараша, 2025

«Шындықтан қашатындардың әдеті осы»: Атышулы Хасан Қасымбаев Жан Ахмадиевтің үстінен арыз жазған

19 Қараша, 2025

«Қазанда ғана айтқан едік»: Үкімет басшысы Алғабастағы өрттен кейін министрлер мен әкімдерге тапсырма берді

19 Қараша, 2025

«Деңгейлері той тойлаудан аспаған»: әнші Қарақат Әбілдина тұсау кесу бизнесіне белсене кірісті

19 Қараша, 2025

Астанада «Шабыт» ХХVIII халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің ашылу салтанаты өтті

18 Қараша, 2025

Алматы облысында тозығы жеткен су құбырларын жаңарту қарқын алады

18 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.