Желіде «Жузефина» лақап атымен танымал блогер Жұлдыз Жауынбаева сүрені рэп стилінде орындап, көпшіліктің сынына ұшырады, деп Тodayinfo ақпараттық порталы.
Қазақстандағы блогерлердің басын қосқан туған күн шарасында түрлі ойындар ойналып, өнер көрсетілген.
Іс-шара барысында Айшолпан есімді блогер қазақша рэп айтып жатқанда, микрофонға талас туындап, Жұлдыз оны тартып алады. Ол өзінің өнерін көрсету мақсатында «Мәғун» сүресін рэп стилінде орындаған.
Бұл әрекет көпшілік тарапынан қатты сынға ұшырады. Желі қолданушыларының бірі: «удай мас қой. Құран күлкі қылатын дүние емес қой. Мазақ болған осыларға ұнай ма? Сүре айтқаны қате болды» деп пікір қалдырды.
@nurzhfmqyya♬ оригинальный звук — АККАУНТ САТЫЛАДЫ