Қызылордада күйеуі әйелін ұрып өлтірген, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Біздің дереккөздер қайғылы оқиға 12 қаңтарда болғанын хабарлады.
Қызылорда ПД ақпаратты растап отыр.
Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, сараптама тағайындалды.
«Күдікті қамауға алынды», — деп хабарлады ведомстводан.
Құқық қорғау органдары барлық жағдайларды анықтайды. Басқа мәліметтер тергеу аясында жария етілмейді.