Актер Тұңғышбай Жаманқұлов театр жұмысының нәзік әрі күрделі екенін атап өтті. Оның пікірінше, қазіргі басқару жүйесінде бір ғана директордың шешім қабылдауы үлкен проблема тудырып отыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
«Театрда көркемдік жетекші деген лауазым бар, бірақ ол тек «свадебный генерал» сияқты ештеңе шешпейтін формалды қызметке айналды. Егер директор шығармашылық адамы болмаса, оның жұмысы белгілі. Ал шығармашылық үдерісті басқаратын көркемдік жетекші өз міндетін толық атқара алмай отыр», – деп мәлімдеді Жаманқұлов.
Бұл мәселелер театр саласындағы басқару жүйесін қайта қарастыру қажеттігін көрсетеді.