Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Светлана Айтбаева журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында баласы, әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Todayinfo.
Сұхбат барысында Динара Сәтжан Светлана Айтбаеваға: «Менің естуімше, жақында үйлеріңізде той болғалы жатыр екен» деген сұрақ қойды.
Бұл сұраққа нақты жауап бермеген Светлана Айтбаева:
«Айтқаның келсін, Динара! Бұйырса. Біздің балаларымыз өсті. Димаш та біраз жасқа келді, оң-солын таныды. Раушан да бойжетіп, биыл диплом алады. Мансұр да 18-ден асты», – деп жауап берді.
Динара Сәтжан сұхбат соңында: «Биыл той болады ғой?» – деп сұрақты нақтылаған кезде, Светлана Айтбаева:
«Биыл болса, биыл болсын. Айтқаның келсін»– деп әзілмен жауап берді.