Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді
  • «КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді
  • «Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек
  • «Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)
  • «Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Су тасқыны: Батыс Қазақстан облысында 10 елді мекен қатынассыз қалды

2 апреля, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Батыс Қазақстан облысында жолды су шайып кетуіне байланысты Қаратөбе, Теректі және Шыңғырлау ауданында 10 елді мекен көлік байланысынсыз қалды және облыстық маңызы бар 5 жол жабылды деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, өңірде 63 жолды су басса, соның ішінде біреуі – республикалық, алтауы – облыстық, 17-сі – жергілікті маңызы бар автожолдар. Бұл жолдарда стационарлық бекеттер орнатылды.

«Облыс бойынша су тасқынынан қорғау жұмысына 703 полиция қызметкері 97 қызметтік техникамен жұмылдырылды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруді жалғастыруда. Ауылдарда 3 771 адам көшірілсе, соның 1 575-і эвакуациялық бекетке орналастырылып, 2 192-сі туысқандарына жіберілді. Аталған бекеттерді күзету жұмыстарына 13 қызметкер белгіленді. Эвакуацияланған 49 ауыл тұрғынынан уақытша сақтаудағы 68 азаматтық қару тәркіленді. Барлық қару полиция бөлімдерінде күзетілуде. Сондай-ақ адамдар көшірілген елді мекендерде азаматтардың мүлкін қорғауға 90 қызметкер (16 техника) атсалысуда. Соның нәтижесінде бөтеннің мүлкін ұрлау, тонау деректері тіркелген жоқ», деп хабарлады ведомстводан.

Су тасқыны БҚО
Фото: БҚО полиция департаменті

Департаменттен мәлім еткеніндей, Тасқала,-Аққурай-Болашақ, Жымпиты-Қаратөбе (102-шақырымында), Аңқаты-Сарыөмір, Ақсай-Жымпиты жолдары жабық.

Оған қоса қолайсыз ауа райына (қалың тұман) және Подстепный-Елек жолының 35-шақырымында асфальттың жуылып кетуіне байланысты апаттың салдарын жою үшін 1 сәуір күні сағат 21.00-ден бастап барлық көлік құралдары үшін қозғалыс тоқтатылды. Теректі ауылына 2 километрдей жетпейтін тұста жолда шұңқыр пайда болды.

Осы аталған қауіпті аймақтарда полиция қызметкерлері тәулік бойы бақылау жасауда.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша тұманға байланысты 1 сәуір күні сағат 21.45-тен бастап республикалық маңызы бар Орал-Тасқала-РФ шекарасы (4-104 км) және сағат 22.45-тен бастап Орал-Бузулук-РФ шекарасы (5-33 км) жолында барлық көлік түрлері үшін шектеу енгізілді.

Су тасқыны БҚО
Фото: БҚО полиция департаменті

 

Батыс елді мекен облысында су тасқыны Қазақстан қалды қатынассыз

Оқылып жатыр

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

БҚО-да жаңа индустриялық кезең басталады: 14 инвестициялық ірі жоба қолға алынды

Соңғы жазбалар

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.