Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды
  • «Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді
  • «КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді
  • «Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Су тасқыны: Орал тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстары қайта басталды

15 апреля, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Батыс Қазақстан облысында халықты эвакуациялау басталды. Өзен жағасындағы елді мекен тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жалғасады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

БҚО әкіміндігі баспасөз қызметінің басшысы Ерхан Таткеннің сөзінше, Орал қаласынан бөлек тағы төрт ауданда қауіпті жағдай қалыптасып отыр.

«Жайық өзенінің бойына жақын орналасқан Орал қаласында және облыстың 4 ауданында су тасқыны қаупіне орай күрделі жағдай қалыптасып отыр. Бүгінгі ақпаратқа сәйкес, Ресей Федерациясынан судың мол көлемі 2-3 күнде облысымызға жетеді. Қауіпті деңгей 8,5 метр болса, бүгін Жайықтың деңгейі 8 метрге жуықтады. Қазір төтенше жағдай қызметі, күштік құрылымдар мамандары тәулік бойы жұмыс істеп жатыр», — деді Е. Таткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, су тасқынына қарсы жұмыстарға өңірімізден және республикамыздың басқа аймақтарынан жалпы саны 6 389 адам және 1403 техника, оның ішінде 645 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Сондай-ақ еріктілер мен қарапайым азаматтар да қолдан көмектерін аямай жатыр.

«Жаңа ғана маған ақпарат келіп түсті. Қала әкімдігі дәл қазір тұрғындарға үндеу жасапты. Ресейдің Орынбор аймағынан су 2-3 күнде келетіндіктен, Орал қаласындағы қауіпті аймақтардың тұрғындары дереу қауіпсіз жерлерге көшірілуі тиіс екенін хабарланған. Атап айтқанда, Орал қаласындағы Жайық өзені бойындағы саяжайлардың, су басу қаупі жоғары Курени, Старица, Коминтерн аудандарының тұрғындары шұғыл арада эвакуациялануы қажет. Судың мол көлемі кез келген уақытта жетіп, үйлерді су басуы мүмкін деген хабар тарап жатыр. Осыған байланысты облыс орталығында эвакуациялық пункттер жасақталған. Олар тұрғындарды күні-түні үздіксіз қабылдайды», — деді баспасөз қызметінің басшысы

Оның сөзіне қарағанда, облыс бойынша су тасқыны басталғалы бері 14 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Эвакуациялық пункттерге 2 мыңнан астам адам орналасты. Қалған тұрғындар өздерінің жақындары мен туысқандарының үйлеріне көшті.

«Орал қаласы мен Ақжайық, Бөрлі, Теректі, Бәйтерек аудандарында су тасқынына қарсы жұмыстар тәулік бойы атқарылып жатыр. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев барлығын өз бақылауында ұстап отыр. Өзен жағасындағы елді мекен тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жалғасады», — деді Ерхан Таткен.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қауіп Ресей аумағынан келетін судан болуы мүмкін екені айтылды. Үлкен су ағыны облыс аумағына 15-20 сәуірде келуі мүмкін деп болжанған.

 

аймаққа көшіріледі Орал су тасқыны тұрғындары қауіпсіз

Оқылып жатыр

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

БҚО-да жаңа индустриялық кезең басталады: 14 инвестициялық ірі жоба қолға алынды

Соңғы жазбалар

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.