Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

24 Мамыр, 2025

Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды

24 Мамыр, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды
  • Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті
  • Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды
  • Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған
  • Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды
  • Дархан Сатыбалды Алматының әкімі болып тағайындалды
  • Соңғы үш жылда Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты оң серпінін көрсетіп келеді
  • 16 млн теңге: Бишімбаевтың әке-шешесі туыстарымен соттасып, өтемақы өндіріп алды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 24 Мамыр
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Сыр өңірінде тұңғыш рет грек-рим күресінен халықаралық турнир өтіп жатыр

Сыр өңірінде тұңғыш рет грек-рим күресінен халықаралық турнир өтіп жатыр

18 апреля, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Кеңес Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен ересектер арасындағы халықаралық турнирдің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Турнирге 10-нан астам мемлекеттен, еліміздің әр өңірінен келген балуандар 10 салмақ дәрежесінде белдеспек.

Рәсімге Тәйімбет Көмекбаевтың ұлы, ІІ дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері, генерал-майор Бағбан Тәйімбетов, ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Дәурен Жабасов, басқа да құрметті қонақтар қатысты.

Аймақ басшысы қатысушыларға сәттілік тілеп, өңірдің спорт саласындағы ауқымды жұмыстарға тоқталды.

«Алаштың анасы атанған қасиетті Сыр өңіріне қош келдіңіздер!
Баршаңызды Кеңес Одағының батыры, даңқты жерлесіміз Тәйімбет Көмекбаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен халықаралық турнирдің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын!
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда «Спортты насихаттау, оны әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында дәріптеу – ұлт саулығының кепілі», – деген болатын. Сыр өңірінде соңғы үш жылда 18 спорт кешені салынып, іске қосылды. Өткен жылы «Самұрық қазына траст» қорымен бірге құны 3 млрд. 400 млн теңге болатын «Үстел теннисі орталығы» салынып, халыққа қызмет етуде. Облыс орталығында халықаралық стандарттарға сай 11 мың орындық орталық стадион салынуда. «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің құрылысы басталды. Келесі жылы ел игілігіне табысталады. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен көпсалалы денешынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасы қаланды. Жаңа нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Алдағы мамыр айында бірқатар спорттық үйірмені қоса қамтитын «Шығармашылық академиясы» ашылады. Спорт – мемлекетіміздің мерейін үстем ететін, тұрғындарды салауаттылыққа жетелейтін маңызды сала. Бүгінгі халықаралық жарыс өздеріңізге қарап бой түзейтін жастарымызды елжандылыққа тәрбиелеп, спорттағы бәсекелестікті қалыптастыруға, татулықты нығайтуға септігін тигізетін дода болады деп сенеміз. Жарысқа қатысушыларға сәттілік, шын мықтыларға жеңіс тілеймін», – деді Н. Нәлібаев.

Салтанатты ашылу рәсімінде ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин, батырдың ұрпағы Ардашер Шайымбетов сөз сөйледі.

Жарыстың қадірлі қонағы, қырғыздың атақты балуаны, Әлемнің екі дүркін, Азияның үш дүркін чемпионы, Олимпиаданың күміс және қола медальдарының иегері Ақжол Махмудовқа дәстүрге сай иығына шапан жабылды.
Айта кетейік, Кеңес Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаевтың есімін ұрпақ жадында қалдыру мақсатында жыл сайын түрлі шаралар өткізіліп келеді.

Биылғы еске алу шарасының ерекшелігі – грек-рим күресінен халықаралық турнир тұңғыш рет ұйымдастырылуда. Бұған дейін батыр ұрпақтары үйлестіріп келген турнир биылдан бастап облыс әкімдігінің қолдауымен халықаралық деңгейде өткізілуде.

еске алу турнир Қызылорда облысы

Оқылып жатыр

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған

Онлайн супермаркет арқылы 800 мың қазақстандық азық-түлік пен тауар сатып алды

Инвестиция 13 млрд теңге: Михаил Ломтадзе Премьер-министрге цифрлық сауданың жаңа белгісін таныстырды

«Ләззатқа әлі де ғашықсыз, ұрпақ өрбітуді ойламайсыз ба»: Мұхамеджан Тазабекке ұятсыз сұрақ қойған журналисті Ахатова сотқа бермек

Жаңаөзенде түлектер мінген Lexus көлігі жол апатына ұшырады – зардап шеккендер жоқ

Соңғы жазбалар

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

24 Мамыр, 2025

Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды

24 Мамыр, 2025

Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды

24 Мамыр, 2025

Дархан Сатыбалды Алматының әкімі болып тағайындалды

24 Мамыр, 2025

Соңғы үш жылда Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты оң серпінін көрсетіп келеді

24 Мамыр, 2025

16 млн теңге: Бишімбаевтың әке-шешесі туыстарымен соттасып, өтемақы өндіріп алды

24 Мамыр, 2025

«N1 продюсер екенін дүйім жұрт мойындады»: Қарақат Әбділдина зейнет жасына жақындаған күйеуін айтып мақтанды (ВИДЕО)

24 Мамыр, 2025

Соңғы үш жылда Алматыда жан басына шаққандағы ЖӨӨ 56,6%-ға өсті

24 Мамыр, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.