Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Қызылордада республикалық ардагерлер кеңесінің көшпелі отырысы өтті

21 Қараша, 2025

Астанада Месроп Маштоц атындағы көше ашылды

21 Қараша, 2025

Павлодарда «Берел қорғандары – Алтайдың мәңгі мұрасы» атты көшпелі көрме ашылды

21 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қызылордада республикалық ардагерлер кеңесінің көшпелі отырысы өтті
  • Астанада Месроп Маштоц атындағы көше ашылды
  • Павлодарда «Берел қорғандары – Алтайдың мәңгі мұрасы» атты көшпелі көрме ашылды
  • «Таңдаулыларға арналған банк» іске кірісті ме? Нығматулиндердің зауытына мемлекеттен 72 млрд теңге бөлінгені дау тудырды
  • Америка Құрама Штаттарының исламдануы
  • «Қазақтың еркектері жалақор, к…ке кіргіш»: Сәуле Әбілдаханқызы ақын Бақыт Беделханға шүйлікті
  • «Таза орта-ұлт болашағының кепілі!» атты ақпараттық-ағартушылық іс-шарасы Жамбыл ауданында өтті
  • Алматыда жаңа туған тағы 600 сәби ерте оңалтудан өтетін болды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сенбі, 22 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Сырдария ауданының Шаған ауылына табиғи газ қосылды

Сырдария ауданының Шаған ауылына табиғи газ қосылды

18 Қараша, 2025 Қызылорда облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданының Шаған ауылына табиғи газ қосу рәсіміне қатысты. Салтанатты басқосуға құқық қорғау органдарының, жауапты департамент, басқармалардың басшылары, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары жиналды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы. 

Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерді атап өтіп, шағандықтарды құттықтады.

«Жақында Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келгенде әлеуметтік нысандар мен өндіріс орындарында болды. Сапар кезінде Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысын баяндадым.
Президентіміз Астана мен Алматы қалаларындағыдай тәулік бойы қызмет көрсететін үшінші Президенттік кітапхана Қызылордада ашылатындығын жеткізді. Бұл бастаманы жерлестеріміз зор қуанышпен қабылдауда. Мемлекет басшымыз алға қойған жоспарларды уақытылы әрі сапалы іске асырудың маңызын атап өтті. Аймақта инвестициялық климатты жақсарту, бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. Президентіміздің Сыр өңірінің даму қарқынына, атқарылған жұмыстарға берген оң бағасы бәріміз үшін зор мәртебе.
Биыл өңіріміздің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсімі қамтамасыз етілді. Жалпы өңірлік өнім көлемі 3 трлн. теңгеден асады. Соңғы үш жылда өңір экономикасына 1 триллион 600 млрд. теңге құйылса, осы жылы 720 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылады. 2025-2028 жылдары 2 трлн. теңгеден астам қаржыға 90 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 11 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады.

Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен облысымыздың бюджеті 851 млрд. 300 млн. теңгеге жетіп, 2022 жылдан бері 233 пайызға өсті. Оның 56 пайызы әлеуметтік салаға бағытталды.
Баршаңызды Шаған ауылына табиғи газ қосылуымен құттықтаймын! Бұл – бәріміздің ортақ қуанышымыз! Көгілдір отын тұрмыс-тіршілігіміздің тынысын ашып, отбасының жылуын, Отанымыздың қуатын арттыра берсін!», – деді Н.Нәлібаев.

Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тынымсыз еңбегімен үлес қосқан ардагерлер мен газдандыру жұмыстарын жүргізген мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Қоғам қайраткері Әріп Хожбанов жиналған қауымға бата берді.

Аймақ басшысы газ қосу рәсімінен кейін ауыл тұрғындарымен кездесіп, ой-пікір алмасты, өтініш-тілектерін тыңдады. Облыс аумағында атқарылған, қолға алынған, жоспарланған жұмыстардың бағыты туралы айтты.

Оқылып жатыр

Энергетикада тарихи оқиға: Қызылордада инвестор қаржысына салынған тәуелсіздік кезеңіндегі алғашқы жаңа ЖЭО тұрғызылуда

«Еркін Әуелбеков: Заманның заңғар тұлғасы» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Мұхтар Құл-Мұхаммедпен кездесті

Қызылорда халқы Президент бастамаларын әркез қолдайды

Қызылорда облысында Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті

Сыр өңірінің өнерпаздары Швейцарияда Республика күнін жоғары деңгейде атап өтті

Соңғы жазбалар

Қызылордада республикалық ардагерлер кеңесінің көшпелі отырысы өтті

21 Қараша, 2025

Астанада Месроп Маштоц атындағы көше ашылды

21 Қараша, 2025

Павлодарда «Берел қорғандары – Алтайдың мәңгі мұрасы» атты көшпелі көрме ашылды

21 Қараша, 2025

«Таңдаулыларға арналған банк» іске кірісті ме? Нығматулиндердің зауытына мемлекеттен 72 млрд теңге бөлінгені дау тудырды

21 Қараша, 2025

Америка Құрама Штаттарының исламдануы

21 Қараша, 2025

«Қазақтың еркектері жалақор, к…ке кіргіш»: Сәуле Әбілдаханқызы ақын Бақыт Беделханға шүйлікті

21 Қараша, 2025

«Таза орта-ұлт болашағының кепілі!» атты ақпараттық-ағартушылық іс-шарасы Жамбыл ауданында өтті

21 Қараша, 2025

Алматыда жаңа туған тағы 600 сәби ерте оңалтудан өтетін болды

21 Қараша, 2025

Энергетикада тарихи оқиға: Қызылордада инвестор қаржысына салынған тәуелсіздік кезеңіндегі алғашқы жаңа ЖЭО тұрғызылуда

21 Қараша, 2025

«Әйелі зорланып, күйеуі асылып қалған»: Ақтөбеде ерлі-зайыптының денесі қала шетінен табылды

21 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.