Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

22 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

22 Қыркүйек, 2025

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті
  • ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі
  • «Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті
  • Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр
  • Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек
  • Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты
  • Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 23 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Сырым ауданында жаңа тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

24 октября, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін 25 — қазан Республика күніне орай Сырым ауданында 30 пәтерлі тұрғын үй кешені пайдалануға берілді.

Көктемдегі су тасқыны Өлеңтідегі үйлерге де, әлеуметтік нысандарға да зардабын тигізді. Арнасынан асқан өзен суы ауылға жайылып, А. Бердіғалиев көшесіндегі біраз жанның жылы панасы, көп жанұяның құтты мекені болған жатақхана көлкіген судың ортасында қалды. . Төтенше жағдай уағында зардап шеккені себепті нысан қайта салынды.
Жаңа кешен бұрынғы жатақхананың іргесінен, яғни Өлеңті ауылы, А. Бердіғалиев көшесінен бой көтерді.
Альбина Алишева жетекшілік ететін “ShineProject” жобалаушы компаниясы тұрғынжайды әсем әрі ыңғайлы жобалады. “ShineProject” ұсынған суреттегі ғимаратты мердігер “Profline Constraction” ЖШС 4 айда қалқайтып тұрғызды.


Серіктестік ең білікті құрылысшыларды, шынайы шеберлерді, кәсіби бригадаларды жұмысқа тартты.
Таңның атысынан күннің батысына дейін мігірсіз қызмет еткен құрылысшылар “машинасы” 30 пәтерлік тұрғын үй кешенінің құрылысын жылыту маусымына дейін аяқтап үлгерді. Міне, қазір А. Бердіғалиев көшесіндегі жатақханадан бөлек, Жымпитыдағы Қолғанатов көшесіндегі апатты күйде тұрған үй- жайдың тұрғындары да жаңа шаңыраққа көшіп келіп жатыр. 60 — қа жуық оқушы каникулдан кейін мектептеріне жаңа үйден барады.
Айта кетейік, нысанның жалпы көлемі — 1353,6 шаршы метр. Бір пәтерлі тұрғын үйдің меншігі 45,12 шаршы метрді құрайды. Оның жартысы — тұрғын алаңы. Әр үйдің өзінің дербес ас үйі, қазандығы және санитарлық торабы бар. Жобаның құны — 651 мон теңге.
Жаңа тұрғын үй кешеніне “Бірлік” деген атау берілді. Үй ауласында балаларға ойын алаңы да салынған.

— Сырым ауданы ғана емес, биыл Қазақстан Республикасының бірқатар өңірлерді топан судың топалаңын тартты. Тасқын кезінде тұрғын үйлеріміз қирағанмен, тұтастығымыз бұзылған жоқ. Халықтың бірлігінің арқасында сындарлы күндерден сынбай өттік. Өлеңтідегі тұрғын үй кешенін “Бірлік” деп атадық. Бұл, елдің бірлігіне деген құрмет!
— деді Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов құттықтау лебізінде.
Осы сияқты мердігер “Profline Constraction” ЖШС директоры Талғат Қайнекешов ауыл халқына жаңа баспаналардың игілігін тіледі. Талғат Борисұлы құрылыс саласында ғана емес, мәслихат депутаты ретінде де қоғамдық — саяси өмірде де халық тарапының өкілі ретінде белгілі.

— Тұрғын үй кешенінде көп балалы аналар, әлеуметтік жағдайы әлжуаз топтағы жанұялар тұратынын түсіндік. Жедел уақытта сапалы дүние жасадық деп ойлаймын. — деді ол.
Салтанатты кілт табыстау рәсімінен кейін “Profline Constraction” ЖШС құрылысшылары Қанат Насенов, Тұрарбек Бисенов, Дәулет Төлеуов және ““ShineProject” жобалаушы компаниясының өкілі Елена Бровкина аудан басшысының алғыс хатымен марапатталды.
Жаңа кешен 30 — ға тарта отбасының баспана мәселесін шешіп отыр. Кілтке ие болғандар арасында Бақытжанов Данияр секілді жас мамандар да бар. Данияр Сырым аудандық полиция бөлімінде учаскелік полиция инспекторы болып еңбек етеді.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы

Оқылып жатыр

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты

Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр

Соңғы жазбалар

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

22 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

22 Қыркүйек, 2025

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025

«Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті

22 Қыркүйек, 2025

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

22 Қыркүйек, 2025

Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты

22 Қыркүйек, 2025

Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Соңғы 6 айда Қазақстанда 135 бала жол апатынан қаза тапқан

22 Қыркүйек, 2025

АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы мен жусаны қойылды

22 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.