Кәсіпкер, Ұлттық құрылтай мүшесі Сырымбек Тау еліміздегі жоғары пайыздық несие мөлшерлемесін төмендету және салық төлемейтін компанияларға несие беруді тоқтату мәселесін көтерді,деп хабарлайды todayinfo.kz
Қарыз өсіп барады – шешім қажет
Қазіргі жағдай:
Микроқаржы ұйымдары жылдық 46%-ға дейін несие береді.
Кепілдік несиенің мөлшерлемесі – 35%.
Қазақстандықтардың жалпы несие қарызы 13 трлн теңгеден асты.
🔹 Сырымбек Таудың ұсынысы:
Несие мөлшерлемесін 46%-дан 35%-ға дейін төмендету.
Кепілдік несиені 35%-дан 25%-ға азайту.
Салық төлемейтін компанияларға несие беруді тоқтату.
«Халықтың экономикалық сауатын арттыра отырып, несие мөлшерлемесіне шектеу қою керек. Қазіргі 46%-дық несие халық үшін тиімсіз. Мемлекет бұған назар аударуы қажет,» – деді кәсіпкер.
Қаржылық сауаттылықты арттыру маңызды
Кәсіпкердің айтуынша, жоғары пайыздық несиелер халықты қарызға батырып, экономикалық жағдайды қиындатып отыр. Сондықтан мемлекет қарыз алушыларды қорғап, заңнамалық шектеулер енгізуі керек.