Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды
  • Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды
  • «Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды
  • Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады
  • Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады
  • «Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды
  • Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы
  • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 16 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Сырымның балауыздан құйылған мүсіні – жаңа музейде

Сырымның балауыздан құйылған мүсіні – жаңа музейде

30 Мамыр, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

2024 жылдың 29 мамырында Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында Батыс Қазақстан тарихи-өлкетану музейінің бөлімі Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимаратта ашылуына арналған «Тарих пен тағылым ордасы!» атты салтанатты шара оздырылады.

Аталған шараға Батыс Қазақстан облысы Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Қуанышбек  Жанболатұлы  Мұқанғалиев, жазушы, өлкетанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Жайсаң Досболатұлы Ақбай,  Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Жолдыбайұлы Батырниязов, облыс және аудан ардагерлері, зиялы қауым өкілдері және аудан тұрғындары қатысты.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Қуанышбек Жанболатұлы өзінің құттықтау сөзінде: «Бүгін аудан үшін үлкен мәртебе. Өйткені Сырым Датұлы атындағы 789 шаршы метрлік екі қабатты музей есігін айқара ашты. Бұл музейдің облыстық өлкетану музейінің филиалы болып қалыптасқанына 20 жыл толды. Мерейтой қарсаңында осы музейдің ашылуы заңдылық. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өзінің ыстық лебізін жолдады. Бұл музейдің берер тағылым, тәрбиесі мол. 6000-нан  астам жәдігер қоры бар, 5 экспозициялық залдан тұратын музейге өңірде алғаш болып  Сырым батырдың мүсіні қойылып жатыр. Осы музейдің басы-қасында жұмыс жасаған азаматтарға, аудан әкімдігіне, облыстық өлкетану музейінің қызметкерлеріне алғыс білдіреміз. Облыста осындай тағылымы терең, жәдігерге толы мәдени нысанның ашылғанына бек қуаныштымыз. Сырым атамыздың жерленген топырағын Өзбекстаннан елге әкелген  экспедицияны бастаған, өмірін Сырым Датұлын зерттеуге арнаған Жайсаң Ақбай ағамыз да ортамызда. Ол кісіге ғасырлық тойын тойлауға жазсын дейміз. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген бар. Сырым Датұлы атындағы жаңа музей күллі республиканың мақтанышына, көрнекті музейіне айналуына тілектеспіз»,- деді Қуанышбек Жанболатұлы.

Музейдің лентасын қию рәсімін Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және архив ісі басқармасының басшысы Қуанышбек  Мұқанғалиев, жазушы, өлкетанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Жайсаң Ақбай, еңбек ардагері, Сырым ұрпағы Найман  Қайыров жүргізді.

Жаңа музейдің арнайы жасалған жаңа  жәдігері – Сырым Датұлының балауыздан жасалған мүсіні. Мүсінді еліміздегі тұңғыш гиперреалист Айдос Есмағамбетов жасады. Мүсінші бұған дейін Абылай ханның,  Абайдың, Елбасы Н.Назарбаевтың, Барак Обаманың мүсіндерін балауыздан құюымен танымал. Сырым Датұлының мүсіні ел аузында жүрген аңыздардағы бейнесіне, М.Жоламанвтың салған суреттеріндегі бейнесіне сүйене жасалған. Тұлғасы таудай болған батыр мүсінінің бойы 185 см, етігінің өлшемі 44-тен жоғары. Бұл мүсін – Қазақстандағы тұңғыш жасалған Сырым Датұлының бейнесі.

Сырым залында «Сырым жолы» деп аталатын экспозиция қойылды.  Онда Сырым шыққан төбенің, Сырым бөгетінің  макеті орналастырылған. Сырым батырдың Хиуа хандығына қайтыс болғандығы белгілі. Үзеңгісі уланып, өмірден өткен батырдың ер-тоқымы үзеңгісімен де музейден орын алыпты. Үзеңгінің бір жағы умен ағып кеткендіктен, бір үзеңгілі ғана ер тоқым музейде тұр. Сырымның 0,20 грамм күмістен құйылған мөрі де –  залдың көрнекті жәдігері. Хиуадан Сырым бейітінен әкелінген бір уыс топырақ та музейден орын тепкен.

Айта кетейік, музейде 4399 негізгі жәдігер болса, 1646-сы қосалқы жәдігер,  барлығы 6045 жәдігер бар. Музейде 16 қызметкер жұмыс жасайды. 1 – меңгеруші, 2- экскурсовод, 1- қор сақтаушы, қалғаны кіші қызметкерлер. Музейдің экспозиция жұмыстары 2024 жылдың қаңтар айында басталып, 2024 жылдың мамыр айында аяқталды.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Сырым аудандық «Сырым елі» газетінің тілшісі

 

 

Оқылып жатыр

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

Қарағанды облысында жыл соңына дейін 1500-ге жуық кезектегі азамат баспаналы болады

Каспий теңізінде жер сілкінді

«Халықтың жадында сақтауы тиіс»: Талғарда Шерзат Полат атындағы көше пайда болуы мүмкін (ВИДЕО)

Соңғы жазбалар

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

15 Қыркүйек, 2025

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

15 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды

15 Қыркүйек, 2025

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

15 Қыркүйек, 2025

Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды

15 Қыркүйек, 2025

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

15 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.