Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен

14 Қыркүйек, 2025

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

14 Қыркүйек, 2025

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

14 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен
  • Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды
  • «Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді
  • Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды
  • Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні
  • Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты
  • Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды
  • Ұлттық мұраға сапар: Зейнолла Сәнік ізімен
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 14 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Табанымды тайдырғысы келетін топтар бар»: Мұхамеджан Тазабек жазған пікірінің жаппай таралғанын айтып мақтанды

«Табанымды тайдырғысы келетін топтар бар»: Мұхамеджан Тазабек жазған пікірінің жаппай таралғанын айтып мақтанды

20 января, 2025 Қоғам
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мұхамеджан Тазабек марқұм Мұхтар Мағауин туралы жазған пікірінің жаппай таралып, мыңдаған мақала, жүздеген сайтқа арқау болды, өзінің жазбасы милиондаған адамның миына «қозғау салды» деп мақтанды. Ол өзгелерден өзінің елге пайдалы адам екенін түсінуді сұрады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық порталы.

Мұхамеджан Тазабек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасын ТОП ондыққа кіріп тұрған тұғыры екенін айтып мақтанды. Ол өзіне түрлі ат қойып, айдар тағып сынайтындарға өкпесі барын жасырмаса да, кек сақтамайтынын айтты.

«Фейсбук —  жәй бақылап отырған алаңым емес, алпыс мың оқырманым бар, қаншама адам сеніммен тіркеліп, қызығушылықпен тақым қысып отырған, ТОП ондықта тұрған тұғырым ғой. Мен ештеңеге таң қалмадым. Ренжімедім де. Бірінші рет емес. Боп жүрген бопса, көріп жүрген құқай! Ұзында өшім, қысқада кегім жоқ. Күтілген нәрсе, баяғыдан бар — ақпараттық көкпар, дуылдасқан пікір додасы ғана.
Өзіміз Құдайдан сұрап алған — пікір еркіндігі, сөз бостандығы, ой-тұжырым алуандығы деген осы емес пе?!

Керісінше күшті ғой. Бір пост мыңдаған мақалаға, жүздеген сайттарға, ондаған подкасттарға талғажу болып, талқыланып, миллион адамдардың миына қозғау салды. Мұндай ықпал, мұншалықты назар, аузы дуалы дегендердің өзіне арман боп, жоғарыдан қаржы алып отырған сайттардың өзі осыншама танымалдылыққа қол жеткізе алмай, күн сайын өтірік ат қойып, өнбейтін жаңалық таратып, әуре боп жатқан жоқ па?!», -деп реніші мен мақтанышын араластыра жазды ол.

Ол жазушы туралы тағы да пікір білдіріп, алдыңғы жазбаларына түсінік бере кеткен. Оның сөзінше, Мұхтар Мағауин елге ренжіген соң кеткен. Жазушыны сатқын ұрпақтың замандасы деп атады.

«Мағауин мұңлы ұрпақтың өкілі. Сапасыз сатқын ұрпақтың замандасы. Опа бергеніміз шамалы. Елге ренжіген жоқ деп ерекшелеудің керегі не? Ел деген — тек сүйген оқырманы ғана емес, жүйеге жүгенделген жазушылар, ақындар, ғалымдар. Болыспаған қаламгерлер.

Мәселе ренжігенінде емес, ренжіткенімізде. Мен соған акцент бердім. Ренжіте берсек, әлемдік деңгейдегі Мағауин ғана емес, мектепті жақсы бітірген бала да елде қалмайды. Қадірін білетін, қанын ішпейтін, қаржысын төлейтін, қақысын жемейтін жерге тайып тұрады», — деді ол.

Пост авторы өзін кетіруді қалайтын топтардың барын да айтып қалды. Мұхамеджан өзін елге зияны емес, пайдасы тиіп жүрген адам екенін өзгелердің ұғатын уақыт болды деп санайды.

«Ұзақ уақыттан бері ізіме түсіп, табанымды тайдырғысы келетін топтар бар. Жығылмаған сайын жыны ұстап, өлмеген сайын өшпенділігі артып жатады. Аяғаннан басқа амалым жоқ. “Тәңір баққан тоқтыны қасқыр жемес!” Алла қолдап келе жатқан, елге пайдалы екенімді түсінер уақыттары болды. Бірақ, “барды емес, іздегенін көретін”  бәтшағарларға не айта аласың?! Ақты ақ, қараны қара деп білетін, сұңғыла жандар бәрін ұғынып отыр. Бірақ, олар белсенді емес, қара ниетті топтар ғана айғайшыл, арандатқыш, жөнге салғыш…

Пост жазып, мақала ұйымдастырып жатқан әйгілі аға-бауыр, апа- қарындастар ата жауым емес. Менің дәл ондай ұлтқа опасыз емес екенімді өздері де біледі, іштері де сезеді. Артында байқатпай жол сілтеп, қазақты қазаққа айдап салып, ақпараттық соғыс ұйымдастырып отырған топтар бар. “Ағайын ел еді ғой” деп, орыс пен украинға ренжиміз. Біздің олардан қай жеріміз артық?!», — деп ақтала жазған Мұхамеджан Тазабек.

Ол өзінің ешбір саяси топтарға, партияларға ермей, билікке жоламай жүретінін де айтты. Алайда ол кезінде Нұр Отан партиясының мінберінде сөз сөйлесе, алаңға шыққан адамдар және «құйрықтап тебу» жайлы лекцияны ІІМ қызметкерлеріне оқыған еді.

Оқылып жатыр

Ақтөбеде дәрігерді қатыгездікпен өлтіру ісі: сотта сұмдық деректер жарияланды

«Рассрочка бар ма»: дұға сатумен айналысатын танымал блогер жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

«Келеңсіз оқиғаларды жиі көруге болады»: Тоқаев қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағат сөз айтатын әйелдерді сынады

«Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

Шұғыл: СҚО-да ерегескен екі полиция қызметтік көлікпен бір-бірімен соғысып өлді

Соңғы жазбалар

Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен

14 Қыркүйек, 2025

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

14 Қыркүйек, 2025

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

14 Қыркүйек, 2025

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025

Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні

14 Қыркүйек, 2025

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

14 Қыркүйек, 2025

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025

Ұлттық мұраға сапар: Зейнолла Сәнік ізімен

14 Қыркүйек, 2025

Бокстан әлем чемпионатының финалында 8 қазақстандық алтынға таласады

14 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы елді «Отбасы күнімен» құттықтады

14 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.