Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Өту билеті»: Ұлттық компаниялардың «басым құқығы» бәсекелестікті қалай жойып отыр?

24 Қазан, 2025

Салықтан жалтарды деп айыпталған BI Group 32,3 млрд теңге дивиденд төлейді

24 Қазан, 2025

Махамбет ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

24 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Өту билеті»: Ұлттық компаниялардың «басым құқығы» бәсекелестікті қалай жойып отыр?
  • Салықтан жалтарды деп айыпталған BI Group 32,3 млрд теңге дивиденд төлейді
  • Махамбет ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді
  • Алматы облысы әкімінің тапсырмасы бойынша Шерзат Полаттың отбасына жаңа үй салынды
  • Түрмедегі тағдырлар: қылмыскерлер Республика күнінің құрметіне жарыс өткізді
  • Алматы тарихында алғаш рет бір оқу жылында 24 жаңа мектеп ашылады
  • 70 мың халқы бар аудан 800 мың турист қабылдауға дайын: Бурчун қыстағы «»ақ қар мен алтын туризмнің» мекеніне айналды
  • Қандастарға қамқорлық: тарихи Отанына оралғандарға қандай қолдау көрсетіледі
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 25 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Тәуелсіздік – бәрінен қымбат құндылығымыз — Тоқаев

24 Қазан, 2025 AQORDA
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Ақорда

Президент Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

«Еліміздің ең басты мерекесі – Республика күні құтты болсын! Ұлттық мейрам қарсаңында дәстүрге сай Ақорда төрінде мемлекетіміздің үздік азаматтарымен бірге жиналып отырмыз.

Биыл еліміз азаттықтың мерейлі белесіне жетті. Осыдан 35 жыл бұрын Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Дәл осы күні сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүріміз қайта жаңғырды. Көп ұзамай жұртымыз Тәуелсіздік байрағын көтерді. Тарихи әділдік орнап, ұлттың рухы асқақтады. Сондықтан бұл күнді халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн деуге болады.

Тәуелсіздік – бәрінен қымбат құндылығымыз. Оны сақтап, нығайта түсу – баршамызға ортақ қасиетті борыш. Егемендік – ата-бабаларымыздың ұлт мүддесі жолындағы өшпес ерлігінің айқын көрінісі».

Мемлекет басшысы: «Біз өткеннен сабақ алып, ешкімге жалтақтамай, өз жолымызбен жүріп келеміз»

«Заңғар ойшыл Әбіш Кекілбаев «Өткеннен тағылым, ертеңнен үміт іздегендер ғана ілгері баса алады» деген. Біз әр кезеңде ұлт тарихында өшпес із қалдырған барлық мемлекет және қоғам қайраткерлеріне құрмет көрсетеміз, оларды ешқашан ұмытпаймыз.

Сонымен бірге келешекке үлкен үмітпен, зор сеніммен қараймыз, биік мақсаттарға ұмтыламыз. Осы жылдарда еліміздің бағындырған белестері аз емес. Біз жер жүзіне егемен мемлекет ретінде танылдық. Шекарамызды шегендеп, іргемізді бекітіп, қауіпсіздігімізді қамтамасыз еттік. Бірлігімізді бекемдеп, татулық пен тұрақтылықтың арқасында түрлі сынақтардан сүрінбей өттік. Бүгінде жаһан жұрты еліміздің өсіп-өркендеп келе жатқанына куә болып, өз құрметін көрсетуде.

Алайда кемшіліксіз, мінсіз жұмыс болмайтыны анық. Біз өткеннен сабақ алып, ешкімге жалтақтамай, өз жолымызбен жүріп келеміз.

Соңғы жылдары халықтың әл-ауқатын арттыру үшін аса маңызды қадамдар жасалды. 2019 жылы ауқымды реформалар қолға алынды. Қазақстан жаңа тұрпатты ел болу жолына түсті.
Жалпыхалықтық референдум арқылы Ата заңымызға түзетулер енгізілді. Парламенттің құзыреті кеңейді, Үкіметтің жауапкершілігі артты. Конституциялық сот құрылды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты конституциялық мәртебеге ие болды. Биыл шілде айынан бастап Кассациялық сот жүйесі іске қосылды, бұл қоғамымызда әділеттілікті күшейтуге жағдай жасады».

Оқылып жатыр

Тоқаев Республика күні қарсаңында бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Финляндия президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Ақордада қарсы алды

Ильхам Әлиев Ақордаға келді

Мағжан Ілиясов Қазақстанның Америкадағы Елшісі болып тағайындалды

Президент құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

Соңғы жазбалар

«Өту билеті»: Ұлттық компаниялардың «басым құқығы» бәсекелестікті қалай жойып отыр?

24 Қазан, 2025

Салықтан жалтарды деп айыпталған BI Group 32,3 млрд теңге дивиденд төлейді

24 Қазан, 2025

Махамбет ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

24 Қазан, 2025

Алматы облысы әкімінің тапсырмасы бойынша Шерзат Полаттың отбасына жаңа үй салынды

24 Қазан, 2025

Түрмедегі тағдырлар: қылмыскерлер Республика күнінің құрметіне жарыс өткізді

24 Қазан, 2025

Алматы тарихында алғаш рет бір оқу жылында 24 жаңа мектеп ашылады

24 Қазан, 2025

70 мың халқы бар аудан 800 мың турист қабылдауға дайын: Бурчун қыстағы «»ақ қар мен алтын туризмнің» мекеніне айналды

24 Қазан, 2025

Қандастарға қамқорлық: тарихи Отанына оралғандарға қандай қолдау көрсетіледі

24 Қазан, 2025

Әлем алпауыттарынының ішінен Ұлттық мүддені қорғаудың ең тиімді жолы көпвектролы жолды жалғастыру – Думан Жекенов 

24 Қазан, 2025

«Әбден лайықты»: Тамара Асарға қатысты сүйінші хабар шықты

24 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.