Республика күні қарсаңында Мұратсай ауылдық округіне қарасты Тайғара елді мекенінде күрделі жөндеуден өткен медициналық пункт пайдалануға берілді.
Салтанатты шараға аудан әкімі Нұрлыбек Даумов, аудандық аурухана директоры Анарбек Белисанов пен ауыл тұрғындары қатысты.
Жалпы аталмыш нысанның жөндеу жұмыстарына 32 млн. 788 мың теңге жұмсалды. Ал, күрделі жөндеу жұмысын «Дизайн» ЖШС жүзеге асырды.
Аудан басшысы тайғаралық ағайынды Республика күнімен құттықтап, жаңарып, материалдық-техникалық базасы жаңғырған медициналық пункттің халыққа қалтқысыз қызмет етуіне тілектестігін білдірді. Ауыл ақсақалы, еңбек ардагері Бақытжан Арыстанғалиев атамыз сөз алып, жергілікті тұрғындар атынан алғысын білдірді.