Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)
  • Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады
  • Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды
  • Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен
  • Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды
  • «Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді
  • Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды
  • Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Талдықорғанда 136 «Сергек» камерасы қойылды

Талдықорғанда 136 «Сергек» камерасы қойылды

27 декабря, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Талдықорған қаласының тұрғындарымен кездесуінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев облыс орталығын дамытудың негізгі бағыттарын атап көрсетті, — деп хабарлайды Todayinfo.

«Кездесуді қорытындылай келе, қала дамуының негізгі бағыттарына тоқталайын. Біріншісі — қаланың қауіпсіздігі. Ол үшін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде орнатылатын камера саны 585-ке, жол қауіпсіздігі үшін «Сергек» камерасының саны 136-ға жеткізіледі. Екіншісі — қала тұрғындарын тұрғын үймен, жылумен, электрмен, сумен, газбен, сапалы жолмен қамтамасыз ету, сондай-ақ аурухана, мектеп, мәдениет және спорт объектілерін салу, сол арқылы қолайлы қала құру. Үшіншісі — әдемі әрі жасыл қала. Бұл аула мен воркаут алаңдарын, саябақтарды, скверлерді абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, көп қабатты үйлердің қасбеттері мен шатырларын жөндеу. Экономиканы жүйелі дамытудың осындай шараларының барлығы бірінші кезекте Президенттің тапсырмаларына сәйкес халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған», — деп атап өтті Б. Исабаев.

11 айдың қорытындысы бойынша Талдықорғанның әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелеріне егжей-тегжейлі тоқталып, облыс орталығын көркейтудің алдағы жоспарлары жайлы айтқан өңір басшысы тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, үш сағаттық кездесу барысында облыс әкіміне 60-қа жуық сұрақ қойылды. Қалалықтар негізінен тұрғын үй-коммуналдық сала, әлеуметтік және жол инфрақұрылымын дамыту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, яғни жаңа 9-шы шағын ауданда полицияның тірек пунктін орнату, сол сияқты шағын және орта бизнеске, омарта шаруашылығына қолдау көрсету, жаңа шағын аудандарда аты жоқ көшелерге атау беру, қала сыртында көтерме сауда базарын құру, қоғамдық көліктің жұмысы және басқа да мәселелерді көтерді. Қалада ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалтуға жасалған жағдайлар үшін алғыс білдірген тұрғындар да болды.

Кездесу қорытындысында сұрақтардың бәріне жауап берілді, тұрғындардың өз сұрауларын жазбаша түрде жолдауына да мүмкіндік жасалды. Жиында бірқатар өзекті мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді.

Атап өтсек, облыс әкімінің қалалықтармен өткен жылғы кездесуінде тұрғындар көтерген 36 мәселенің 26-сы қазіргі уақытта шешілді. Қалған 10 сұрақ бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

Оқылып жатыр

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

Соңғы жазбалар

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025

Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен

14 Қыркүйек, 2025

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

14 Қыркүйек, 2025

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

14 Қыркүйек, 2025

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025

Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні

14 Қыркүйек, 2025

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

14 Қыркүйек, 2025

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.