Талдықорған қаласы сотының үкімімен 33 жастағы тұрғын өз анасына дене жарақатын келтіргені үшін 10 күнге қамауға алынды,деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Оның әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігіне («Ұрып-соғу») сәйкес сараланды.
Сотта жәбірленуші отбасылық жанжал кезінде ұлының оны бірнеше рет ұрғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, Қылмыстық кодекске енгізілген түзетулерге сәйкес, бұл құқық бұзушылық әкімшілік құқық бұзушылықтардан қылмыстық санатқа ауыстырылды. Осылайша, жазаны қатаңдатуға мүмкіндік туды.