Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Талқылайтын бұдан да маңызды мәселе көп»: Ардақ Назаров өзін айыптап жатқан көпшілікке үндеу жасады

12 Қыркүйек, 2025

«Мен үшін қазір жаңа кезең басталды»: Танымал блогер хиджабын шешіп, көпшілік алдына шықты

12 Қыркүйек, 2025

«Батырымыздың рухы шат болғай»: Белгілі кәсіпкер Бекзат Саттархановтың анасына пәтер сыйлады

12 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Талқылайтын бұдан да маңызды мәселе көп»: Ардақ Назаров өзін айыптап жатқан көпшілікке үндеу жасады
  • «Мен үшін қазір жаңа кезең басталды»: Танымал блогер хиджабын шешіп, көпшілік алдына шықты
  • «Батырымыздың рухы шат болғай»: Белгілі кәсіпкер Бекзат Саттархановтың анасына пәтер сыйлады
  • Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады
  • Адам өлімі бар: Алматы облысында оқушылар отырған автобус жеңіл көлікпен соқтығысты
  • Алматыдан 184 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды
  • «Ата-ананың мәжілісте отырып құттықтау жолдағанын көрсе армандары жоқ шығар»: Жанқош Тұраров ағасы Ардақ Назаровты қолдады
  • «Туған ұлым зорлады»: Таразда 41 жастағы келіншек полицияға арыз жазды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 13 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Талдықорғанда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ескерткіш тақта орнатылды

Талдықорғанда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ескерткіш тақта орнатылды

1 марта, 2025 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Талдықорған қаласындағы Достық үйінде республикалық форум аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ескерткіш тақта орнатылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, облыстық ҚХА мүшелері, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, депутаттық топ мүшелері мен жастар қатысты,- деп хабарлайды Todayinfo Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мерекелік кездесу барысында өңір басшысы алдымен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына арналған құттықтауын оқыды.
Өз құттықтау хатында Президент ҚХА-ның жылдар бойы халқымыздың ынтымағын нығайтуға, қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді сақтауға өлшеусіз үлес қосқанын айта келе, осы ұйымның белсенді қызметі арқылы еліміздегі барлық этностың тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін үйлесімді дамытуға, сондай-ақ қазақ тілінің этносаралық қатынас тілі ретіндегі мәртебесін көтеруге жол ашылғанын атап өтті.

«Ассамблея ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру, отаншылдық пен ынтымақтастық, жасампаздық пен жауапкершілік сияқты басты құндылықтарды дәріптеу жолында айрықша рөл атқарады», — делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Мұнан соң облыс әкімі Жетісуда тарихы ортақ, тағдыры бір 70-тен астам ұлт пен ұлыс бар екенін, өңірде 21этномәдени бірлестік жұмыс істейтінін жеткізді. Ассамблеяның құрылу тарихына тоқталып:

«Осы ретте біздің өңіріміз үшін маңызды естелікті келтіре кетсем. Талдықорған қаласында 1991 жылы алғаш рет Жетісу халқының жиналысы өтіп, онда «ұлттық мәдени орталықтар қауымдастығы» құрылды. Еліміздегі алғашқы Достық үйі де Талдықорғанда ашылды», — дей келе Бейбіт Исабаев облыстық Ассамблея ардагерлеріне бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, марапаттау рәсімін атқарды.

ҚХА ардагерлеріне, Ассамблеяның құрылымдық бөлімшелері менэтномәдени бірлестіктердіңөкілдеріне – жалпы саны 20-ға жуық адамғаоблыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты табыс етілді.

Бұдан соң «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» ескерткіш тақтасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.Іс-шарада мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.
Ассамблея мүшелері мерекеге орай өз тілектерін білдірді. Облыстық ҚХА жанындағы «Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің жетекшісі, ұйғыр этномәдени бірлестігінің мүшесі Светлана Гаитова:

«Алғыс айту мерекесінде барша жетісулық жерлестеріме өзім секілді аналардың атынан ризашылығымды білдіремін. Ассамблеяның құрылғанына биыл 30 жыл толып отыр. Осы 30 жыл ішінде біз достықта, берекелі ғұмыр кештік. Бұдан былай да бірлігімізді нығайтуға әрқайсымыз атсалысамыз деп сенеміз», — деді.

Ассамблея ардагерлерінің бірі Раиса Чофучина да өз құттықтауын айтты:

«Ассамблея – көп этносты халықты біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдырып отырған аса маңызды құрылым. Біз мұнда бір-бірімізді танып біліп, бір-біріміздің салт-дәстүрімізге құрмет көрсетеміз. Мен қазақ тілін үйреніп, қазақ халқының әдет-ғұрпы жайы кеңірек біле бастадым. Бүгінгідей мереке бәрімізді біріктіре түседі. Барша жетісулықтарға зор денсаулық, еңбекте табыс тілеймін. Еліміз өсіп-өркендей берсін», — деді ол.

Атап өтсек, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Жетісу облысында көп этностыөңірдің мәдениеті мен облыстық Ассамблеяның жұмысын паш ететін 70-тен астам кешенді іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Оқылып жатыр

«Талқылайтын бұдан да маңызды мәселе көп»: Ардақ Назаров өзін айыптап жатқан көпшілікке үндеу жасады

«Мен үшін қазір жаңа кезең басталды»: Танымал блогер хиджабын шешіп, көпшілік алдына шықты

«Батырымыздың рухы шат болғай»: Белгілі кәсіпкер Бекзат Саттархановтың анасына пәтер сыйлады

Адам өлімі бар: Алматы облысында оқушылар отырған автобус жеңіл көлікпен соқтығысты

Алматыдан 184 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды

«Ата-ананың мәжілісте отырып құттықтау жолдағанын көрсе армандары жоқ шығар»: Жанқош Тұраров ағасы Ардақ Назаровты қолдады

Соңғы жазбалар

«Талқылайтын бұдан да маңызды мәселе көп»: Ардақ Назаров өзін айыптап жатқан көпшілікке үндеу жасады

12 Қыркүйек, 2025

«Мен үшін қазір жаңа кезең басталды»: Танымал блогер хиджабын шешіп, көпшілік алдына шықты

12 Қыркүйек, 2025

«Батырымыздың рухы шат болғай»: Белгілі кәсіпкер Бекзат Саттархановтың анасына пәтер сыйлады

12 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

12 Қыркүйек, 2025

Адам өлімі бар: Алматы облысында оқушылар отырған автобус жеңіл көлікпен соқтығысты

12 Қыркүйек, 2025

Алматыдан 184 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды

12 Қыркүйек, 2025

«Ата-ананың мәжілісте отырып құттықтау жолдағанын көрсе армандары жоқ шығар»: Жанқош Тұраров ағасы Ардақ Назаровты қолдады

12 Қыркүйек, 2025

«Туған ұлым зорлады»: Таразда 41 жастағы келіншек полицияға арыз жазды

12 Қыркүйек, 2025

ФБР Чарли Кирктың өліміне қатысты жаңа деректерді жариялады

12 Қыркүйек, 2025

«Бәрін көре тұра үндемеген»: Түркістан облысында әкесін ұрып-соққан ер адамның әйеліне де қылмыстық іс қозғалды

12 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.