Әлеуметтік желіде Алматыда көшелерінде белгісіз үш жігіт мас күйде көлік айдап, пышақ ұстап жүргені туралы видео таралды. Видео авторы ер адамдарға неліктен жүргіншілерді суық қару ұстап, қорқытып жүргенін сұрайды.
“Алматыда байдың балалары ішіп алып, қаланың қақ ортасында қолында “охотничи” пышағын ұстап жүр. Мас күйде көлікті басқарған. Сәл болмағанда Талғардағы жағдай қайталайын деп қалды”, – деп жазды видео авторы.
Видеодан сақал-мұрты бар белгісіз жігіттердің ер адамға жақындап, боқауыз сөз айтқанын естуге және қолдарында пышақ бар екенін көруге болады.