Талғарда тағы да елді дүр сілкіндірген қылмыс болды. Автосервис орталығының жұмысшысы ер адамды өлтіріп, кішкентай қызды ұрлап кеткен, деп хабарлайды Todayinfo.
Қазір сәби табылды, күдікті ұсталды.
Адвокат Гаухар Сариеваның айтуынша, кішкентай қыз оның жиені болып келеді. Оның әпкесі қылмыс жасаған адамды бір ай бұрын өзін зорлады деп шағымданған. Сол кезде күдіктіні Сариеваның өзі іздеп тауып, полицияға тапсырған. Алайда тәртіп сақшылары шара қолданбаған. Күдікті келесі күні бостандыққа шыққан. Осыдан кейін ол жәбірленушіге қоңырау шалып, қоқан-лоққы көрсеткен. Артынша әйелдің ағасының үйіне барып, оны атып өлтіріп, екі жасар баланы алып кеткен.
“Күдікті ұсталды. Қылмыс құралы, шолақ мылтық, тәркіленді», – деді полиция.
https://www.instagram.com/reel/DOQvqfViDXM/?igsh=Z2Zxb21qNzhkeXgx
Фото: видеодан скрин