Бұл жайт Алматы облысының Талғар ауданындағы жеке үйлердің бірінің жанында болған. Видеодан той кезінде көшеде тұрған бірнеше ер адамның әуеге оқ атқаны көрінеді.
Видеоға облыстық Полиция департаменті өкілдері түсінік берді.
– Құқықбұзушыларды анықтау бойынша қажетті шаралар қабылданып жатыр. Олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады, — делінген хабарламада.
Оқ атқандардың бірі автоблогер Заир Рзаев болып шыққан.