Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Жылдам әрі қолайлы: Балқаш көліне дейінгі жол жаңарып, көлік қозғалысы үшін ашылды

17 Маусым, 2025

Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

17 Маусым, 2025

«Аяғым ауыр кезде ішіме отырып, аяусыз ұрды: Танымал блогер журналист күйеуінің абьюзер екенін айтты

17 Маусым, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Жылдам әрі қолайлы: Балқаш көліне дейінгі жол жаңарып, көлік қозғалысы үшін ашылды
  • Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды
  • «Аяғым ауыр кезде ішіме отырып, аяусыз ұрды: Танымал блогер журналист күйеуінің абьюзер екенін айтты
  • «Талибан» жас әйелдердің сауда орталығына кіруіне тыйым салды
  • Доскей ауылында орталықтандырылған су жүйесі тартылуда
  • Өктем Алтаев өзінің бала күнгі арманы ұлы арқылы орындалғанын айтты
  • Израиль-Иран соғысы: түнгі шабуылдан 8 жастағы ирандық гимнаст қыз қаза тапты
  • «Мәдениеттен жұрдай, тәлпіш»: Мөлдір Мұқанова халықтың наласына қалды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 17 Маусым
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Талғардағы трагедия: 16 жастағы жасөспірімді пышақтап өлтіргендер ұсталды

Талғардағы трагедия: 16 жастағы жасөспірімді пышақтап өлтіргендер ұсталды

7 октября, 2024 Қоғам
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы облысының Талғар ауданында бір топ адам ата-анасының көзінше 16 жастағы баланы пышақтап өлітрген. Әлеуметтік желіге тараған ақпаратқа қарағанда, ер адам дүкеннен алған затының ақшасын төлемеген. Дүкен иелері сыраның ақшасын төлеуді талап еткенде, сырттан бір топ адам келіп дүкенннің иелерін соққыға жыққан.

КТК арнасының хабарлауынша, түні дүкенде үйдің отағасы келушілерге қызмет көрсеткен. Туыстарының айтуынша, ер адам сауда нүктесіне бір құты сыра ішуге келген, бірақ ол үшін ақша төлегісі келмеген, сөйтіп жанжал шығарған. 16 жастағы Шерзат пен оның ағасы әкесін жақтап, келушіден кетуін сұраған. Бірақ ол шу шығарып, достарына қоңырау шалып, дүкенге үш көлік келеді.

«Ұлым маған қоңырау шалып, әкесі мен ағасын ұрып-соғып жатқанын айтты. Бірден дүкенге жүгірдім. Бірақ мен жеткенше ұлым мен күйеуімнің ағасын соққыға жыққан. Күйеуім пышақ ұстаған адамды ол жерден алып кеткен. Оны қаруланған деп қорыққан. Бірақ ол жердегілердің барлығында пышақ, тіпті мылтық болған екен. Ұлымды көз алымда көкала қойдай етіп сабады. Оның қансырап жатқанын көрдім», — деді жігіттің анасы Гүлбара Бишембиева.

Қайтыс болған жасөспірімнің анасы төбелес шығарғандар ұлы мен қайын ағасын ұрып-соғып, кейін пышақтағанын айтады. Туыстары зардап шеккендерді ауруханаға апарған. Бірақ ол жерде жасөспірім көз жұмды.

«Шерзаттың әкесі тек келушіден тауар үшін ақша төлеуін сұраған. Бұл дұрыс қой. Келген адам неге оларға тиісіп, төбелес шығарып, біреулерге қоңырау шалады? 15-20-дан адам келді. Олардың арасында үш-төрт қыз болды. Барлығы жас, бірақ хайуан сияқты әрекет жасады. Мылтықтары мен пышақтары болған», — деді көз жұмған жігіттің туысы Күләш Римова.

Бүгін оқушының денесін үйіне әкелді. Шерзат бес баланың ең үлкені еді. 10-сыныпта оқып жүрген жасөспірім әскери училищеге түсуге дайындалып жүрген.

«Өте мейірімді және ашық-жарқын бала еді. Ешқашан ешкіммен қақтығысқан емес. Барлығына құрметпен қарайтын. Түнде ол төбелескісі келмегеніне сенімдімін. Физикалық тұрғыдан мықты болған және кез келген адамға қарсы тұра алатын. Бірақ олардың саны тым көп болды», — деді туысы Бақыт Римова.

Туыстары күдіктілер жергілікті тұрғындар дейді. Олардың барлығы бір ауылда тұрған, бірақ жеке таныс болмаған. Төбелеске қатысушылардың бәрі ұсталды.

«Кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық қатысушысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», — деді Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Мәлік Қабдуалиев.

Төбелеске қатысқан Шерзаттың ағасына үш рет пышақ салғаны белгілі болды. Қазір ер адам ауруханада ем қабылдап жатыр.

 

 

 

Оқылып жатыр

Қазақстанда 16 миллион азаматтың деректері тарады: Цифрлық даму министрлігі түсініктеме берді

Кісенмен босанған мұғалім: Қазақстанда жаңа туған сәбиімен бірге түрмеге қамалған белсендіні

«Қамауға алынды»: Руслан Жақсылықов жайлы жалған ақпарат таратқандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды

«10 млн теңге талап еткен»: Мұқағали Мақатаевтың ұлы әкесін қорлаған жігіттің көлігін алып қойды

Қазақстанда АЭС құрылысы қанша уақытта салынып болатыны белгілі болды

Хиджабтағы қыз: ҰБТ-дан 140 балл жинаған алматылық Айшаға пәтер берілді

Соңғы жазбалар

Жылдам әрі қолайлы: Балқаш көліне дейінгі жол жаңарып, көлік қозғалысы үшін ашылды

17 Маусым, 2025

Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

17 Маусым, 2025

«Аяғым ауыр кезде ішіме отырып, аяусыз ұрды: Танымал блогер журналист күйеуінің абьюзер екенін айтты

17 Маусым, 2025

«Талибан» жас әйелдердің сауда орталығына кіруіне тыйым салды

17 Маусым, 2025

Доскей ауылында орталықтандырылған су жүйесі тартылуда

17 Маусым, 2025

Өктем Алтаев өзінің бала күнгі арманы ұлы арқылы орындалғанын айтты

17 Маусым, 2025

Израиль-Иран соғысы: түнгі шабуылдан 8 жастағы ирандық гимнаст қыз қаза тапты

17 Маусым, 2025

«Мәдениеттен жұрдай, тәлпіш»: Мөлдір Мұқанова халықтың наласына қалды

17 Маусым, 2025

Алматыда атақты «Арыстан» базары сүріліп жатыр

17 Маусым, 2025

«Қолымды қысып, табыс тіледі»: Димаш Құдайберген Си Цзиньпинмен кездесті (ВИДЕО)

17 Маусым, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.