Tалғар қаласында оқушыны жабылып өлтірген күдіктілер Алматы облысының орталығы Қонаев қаласындағы тергеу изоляторына жеткізілді.
Алматы облысы тұрғындарын дүрліктірген оқиғаға қатысты жаңа мәліметтер пайда болды. Бұған дейін жәбірленушілер күдіктілердің Талғарда қазы жеп, құс төсекте жатқанын мәлімдеген еді. Енді күдікті деп танылған 7 адам Қонаев қаласындағы тергеу изоляторына ауыстырылды.
Алматы облысы Полиция департаментінің мәлімдемесі:
“Күдікті деп танылып, ұсталған 7 адам Қонаев қаласындағы тергеу изоляторына ауыстырылды. Оларға ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі бойынша, кәмелеттік жасқа толмаған баланы өлтіргені үшін қылмыстық іс қозғалды,” – деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Қалған қатысушылар әзірге бостандықта жүр. Оларға құқықтық баға берілген соң шешім қабылданатын болады.