Танымал әнші Ерке Есмахан өзінің жақсы энергиясы бар сотуарды сатылымға шығарған еді. Оның құны 50 мың теңге болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Әнші сотуар алтын жалатылған, іші күміс екенін айтқан еді. Алайда әлеуметтік желіде сотуар тақпай жатып қарайғанын айтып, адамдар видео жүктеген.
«Тақпай жатып қарайып кетті. 50 мың теңгеге бекер алыппын», — деп жазды видеоның авторы.
Оған пікір жазғандардың ішінде сотуардың қарайып кеткені жайлы көбі айтқан. Кейін автор менеджерлерге шығып, сотуардың ақшасын қайтарып алған.
«Қайтарып берді. Менеджерлер өздері хабарласты. Жасалу кезінде қателік кетті деді. Бірақ «видеоңызды өшіріп тастайсыз ба? дегендері ұнамады. Қателік бәрінде кетеді. Желіде қарайғандарды ақшасын қайтармай-ақ, ауыстырып береміз десе де болар еді», — деп жазды автор.
Ал қазір әншінің өзі отбасымен Еуропада демалып жүр.