Бүгін түнде Тараз қаласындағы металлургия зауытының аумағында жоғары вольтты трансформатор жанды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық порталы. 

Өрт сөндіру жұмысын трансформатордың багындағы 60 тонна май қиындатты.

Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылының арқасында тілсіз жау жақын маңдағы трансформаторлар мен зауыт ғимаратына таралмады.

Жалын 80 шаршы метр аумақты шарпыды.

ТЖМ күш-құралдары отты сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Exit mobile version