Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

«Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады

24 Маусым, 2025

Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды

24 Маусым, 2025

Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр

24 Маусым, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады
  • Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды
  • Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр
  • Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей, шуға ұласты
  • Ақсудағы дауылдан қаза тапқан әйелдің отбасына қандай көмек көрсетілді
  • Наркенженің назы: Елді шулатқан әнші сөзінен «секіріп», басшысымен бірікті
  • «Ұлын құтқармақ болған»: Алматы облысына баласы мен анасы қатар суға кетті
  • Владимир Зеленский соғыс аяқталғанға дейін президенттіктен кетпейтінін айтты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 25 Маусым
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Тасмағамбетов қол қойған Алматыдағы жер сату келісімі 20 жылдан кейін жарамсыз деп танылды

Тасмағамбетов қол қойған Алматыдағы жер сату келісімі 20 жылдан кейін жарамсыз деп танылды

15 Мамыр, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы қаласы Жер ресурстарын басқару департаменті әкімдіктің жер сату туралы қаулысы мен мәміленің заңдылығына күмән келтіріп, сотқа шағымданды, деп хабарлайды Todayinfo.

                                                        Не болды?

2006 жылы Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үй салуға арналған жер телімі сатылған. Сатып алу-сату келісіміне сол кездегі қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов қол қойған. Алайда арада 20 жыл өткен соң, биыл көктемде сот бұл мәмілені жарамсыз деп таныған. Bes.media сайтының мәліметінше, даулы іс сотта қаралған.

                                                  Толығырақ

Алматы қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті 2000-жылдардың ортасында рәсімделген келісімді жоққа шығару үшін әкімдікке, «Казахтрансстрой» ЖШС-не және қазіргі жер иесі Денис Колесниковке қарсы сотқа талап арыз түсірді.

                                             Ол кезде не болған?

2005 жылы әкімдіктің қаулысымен Түрксіб ауданындағы (мекенжайы: Чернышевский көшесі, 2) 0,0851 гектар жер телімін сату туралы шешім қабылданған. Бұл телім көпқабатты тұрғын үй салуға арналған болатын.

2006 жылдың қаңтарында сол кездегі әкім Иманғали Тасмағамбетов пен «Казахтрансстрой» ЖШС арасында 732 мың теңге сомасына сатып алу-сату шарты жасалған.

                                              Анықтама

«Казахтрансстрой» ЖШС (2005 жылғы 4 қазанға дейін – «Трансстрой» АҚ) – тұрғын үй мүлкін жалға беру, қайта жалға беру және басқару, сондай-ақ жүк тасымалдау қызметтерімен айналысатын компания. Бұл атаумен компания шамамен 20 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Соңғы 10 жылда мемлекеттік бюджетке 50 млн теңгеден астам салық төленген. Бірақ 2022 жылдан бері салық түсімдерінің азаюы байқалған. Қазіргі таңда компанияның есепшоттары мен мүліктеріне, автокөліктеріне тыйым салынған.

                          Прокуратура мәмілеге қашан назар аударды?

2024 жылы Түрксіб ауданы прокуратурасы Алматы қаласы Жер ресурстарын басқару департаментіне:

  • 2005 жылғы 27 қазандағы әкімдік қаулысын,

  • сатып алу-сату келісімін,

  • және осы жер теліміне қатысты барлық кейінгі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы ұсыныс жолдады.

Өткен жылы аталған жер телімі Денис Колесниковтің меншігіне өткен. Ол жерді қабылдау-тапсыру актісі арқылы алған және сотта жауапкерлер қатарында болды.

                                 Тараптардың ұстанымы

Жер ресурстарын басқару департаменті мәміле мен қаулы кезінде заң бұзушылықтар болғанын айтты. Сотта прокурор мен әкімдік өкілдері талапты қолдады.

Ал «Казахтрансстрой» және Денис Колесников өкілдері талап мерзімі өтіп кеткенін айтып, талапты мойындамады.

                                  Сотта не анықталды?

Сот жер телімі сатылған кезде ол жерде жатақхана болғанын және оның кейбір пәтерлері жекешелендірілгенін анықтады. Алайда жер телімі ондағы ғимаратсыз сатылған, бұл заң бұзушылық болып табылады.

Талап мерзімі бойынша: Алматы қаласы Жер ресурстарын басқару департаменті тек 2022 жылғы 16 наурызда тіркелген, бұрынғы Жер қатынастары басқармасының құқықтық мұрагері емес. Департамент прокуратура ұсынысын алған соң ғана заң бұзушылықтардан хабардар болған. Сондықтан талап мерзімі өткен деп есептелмейді.

                                              Сот шешімі

«Алматы қаласы Жер ресурстарын басқару департаментінің талап-арызы қанағаттандырылсын. Әкімдіктің қаулысы жарамсыз деп танылсын. Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов пен «Трансстрой» («Казахтрансстрой») арасындағы сатып алу-сату келісімі жарамсыз деп танылсын», – делінген сот шешімінде.

Бұл шешімге апелляциялық шағым берілді.

                                 Иманғали Тасмағамбетов кім?

Иманғали Тасмағамбетов түрлі жылдары Президенттің көмекшісі, вице-премьер, Атырау, Алматы және Астана қалаларының әкімі, Премьер-министр және Қорғаныс министрі болған.

2017–2019 жылдары Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі болды.
2019 жылғы 18 желтоқсанда Тоқаевтың жарлығымен мемлекеттік қызметтен босатылып, зейнетке шықты.

2022 жылғы қарашада Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы болып тағайындалды.

Оқылып жатыр

«Тойда жүреді, жұмысқа келмейді»: Әнші Наркенжеге «иіскегім келеді» деген Ерназаров үндеу жасады

Қорқып қаштым: әнші Наркенже Серікбаеваны «иіскеуім керек» деген басшы өзге қыздарды да төсекке тартқан

Иран жеңілді, Израиль үстемдігін паш етті: АҚШ бомбасының күшін сынаған Трамп тағы ұнай жинап әлек

«Алдыма отыр, иіскеймін»: әнші Наркенже Серікбаева көңілдес болмағаны үшін филармония бастығынан қудалау көргенін айтты

Антикор қылмыстық іс ашқан: Судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды

Діни сенімдерін өзгертуді талап еткен: Шіркеуде болған жарылыстан 15 адам қаза тапты

Соңғы жазбалар

«Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады

24 Маусым, 2025

Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды

24 Маусым, 2025

Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр

24 Маусым, 2025

Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей, шуға ұласты

24 Маусым, 2025

Ақсудағы дауылдан қаза тапқан әйелдің отбасына қандай көмек көрсетілді

24 Маусым, 2025

Наркенженің назы: Елді шулатқан әнші сөзінен «секіріп», басшысымен бірікті

24 Маусым, 2025

«Ұлын құтқармақ болған»: Алматы облысына баласы мен анасы қатар суға кетті

24 Маусым, 2025

Владимир Зеленский соғыс аяқталғанға дейін президенттіктен кетпейтінін айтты

24 Маусым, 2025

БАҚ: Түркияда төңкеріс жасалмақ болған

24 Маусым, 2025

«Бұл — анық сексизм»: халықаралық ұйым шахматшы Бибісара Асаубаеваның эротикалық фотосын жариялап жіберді

24 Маусым, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.