Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?
  • «Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
  • «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
  • «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Татулық пен келісімнің мекені»: Нұрлыбек Нәлібаев Сыр елін мерекемен құттықтады

1 Мамыр, 2025 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін «Достық үйі» алаңында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Сыр елі – татулық пен келісімнің мекені» атты мерекелік шара өтті. Алаңда  қолөнер бұйымдарының, жас суретшілер туындыларының көрмесі ашылды. «Құстар фестивалі» де мерекенің сәнін келтіріп, жұртшылыққа ерекше көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақ тұрғындарын бейбітшіліктің, келісімнің мерейлі мейрамымен құттықтады.

«Бір мүдде, бір мақсат жолында ұйысып, ынтымағы жарасқан елдің бірлігін сақтау — баршамыздың азаматтық парызымыз.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Егемендігіміздің мәңгілік үштағаны – байтақ жерімізді, қастерлі тілімізді және береке-бірлігімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек» — деген болатын.

Еліміздегі этносаралық достық пен бірліктің үлгісін әлемге танытқан, жалпыұлттық тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің қайнар бұлағы болған Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейлі мерекесімен баршаңызды құттықтаймын!»- деді аймақ басшысы.

Нұрлыбек Машбекұлы жақында ғана Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында талқыланған  мәселелерге, болашаққа бағытталған тың бастамаларға тоқталды.

Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен, жерлестеріміздің берекелі бірлігінің арқасында Сыр өңірінде жүзеге асқан жаңашылдықтарды атап өтті.

Өңіріміздегі 30-дан астам этнос өкілдерінің экономика, мәдениет, спорт, білім, ғылым салаларының дамуына, еліміздің өркендеуіне қосқан үлесін жоғары бағалады.

«Барлық ауданда ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар, ардагерлер мен аналар үйі бар, құны 11 млрд 500 млн теңге болатын «Руханият орталықтары» салынып, елдің ынтымағын нығайтуға бағытталған маңызды жобалар қолға алынды. Орталықтардағы «Қоғамдық келісім» кабинеттері этнос өкілдерінің мәдени-рухани бірегейлігін сақтауға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында сөйлеген сөзінде: «Былтыр еліміздің рухани және тарихи-мәдени ордасы – Түркістанда жаңа «Достық үйі» ашылды. «Достық үйлері» тағы бірнеше қала мен аудан орталығында ашылады деп жоспарлануда. Мен бұл бастаманы қолдаймын. Біз қоғамдық келісім инфрақұрылымын біртіндеп кеңейте беруіміз керек» — деген болатын.

Биылғы Ассамблеяның 30 жылдығы аясында баршамыз үшін қуанышты жаңалық — Қызылорда қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының демеушілігімен, құны 3 млрд. 800 млн. теңгені құрайтын жаңа «Достық үйі» салынады.

Осы шарадан кейін өздеріңізбен бірге барып, жаңа ғимараттың іргетасын қалаймыз»,-деді аймақ басшысы.

Мерекеде этномәдени бірлестіктер мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған медальмен марапатталды.

Концертте Сыр еліндегі барлық этнос өкілдері өнер көрсетті, көпшілікке ән-жырдан шашу шашты. Әсіресе, патриоттық әндер бірлік пен татулық ұғымын ұлықтап, мән-мағынасын айшықтай түсті.

Қызылорда облысы

Оқылып жатыр

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

Түркістан облысында биыл 1200 шақырымнан астам жолдар мен көшелер жөндеуден өтедім

БҚО Қытаймен әріптестікті күшейтті: жалпы құны 134 млрд теңге болатын 14 меморандумға қол қойды

Ақмоладағы Серафимовка ауылында сумен жабдықтау жүйесіне жөндеу жұмыстары аяқталды

Соңғы жазбалар

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.