Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Жалақысын талап еткен»: СҚО-да жұмысшы фермерді атып тастады

2 Қараша, 2025

Пойызда 10 адамды пышақтап кетті: сұмдық оқиғаға қатысты екі күдікті ұсталды

2 Қараша, 2025

Алматыда медициналық ұйымдардағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексеріліп жатыр

2 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жалақысын талап еткен»: СҚО-да жұмысшы фермерді атып тастады
  • Пойызда 10 адамды пышақтап кетті: сұмдық оқиғаға қатысты екі күдікті ұсталды
  • Алматыда медициналық ұйымдардағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексеріліп жатыр
  • «Бұрын бір театрда бірге болған»: Перизат Қайрат пен Саят Медеуовтің құшақтасқан суреті тарады
  • «Күйеуі көзіне шөп салған әйелдер түнімен ұйықтамады»: Дана Нұржігіт Тұрсынбек Қабатов туралы пікір білдірді
  • «Тауым шағылды, ей ақырет әкеме қайырлы бол»: Жігіттер тобының әншісі қайғылы қазаға тап болды
  • «Көшедегі әркімнің бір тряпкасысың»: Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің хаттарын көрген жұрт жағасын ұстады
  • «Қымбат тон, бриллиант бәрі соның үстінде»: Мөлдір Мұқанова тоқалымен кеткен Тұрсынбекті сағынғанын айтты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 2 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » «Тауым шағылды, ей ақырет әкеме қайырлы бол»: Жігіттер тобының әншісі қайғылы қазаға тап болды

«Тауым шағылды, ей ақырет әкеме қайырлы бол»: Жігіттер тобының әншісі қайғылы қазаға тап болды

2 Қараша, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жақында әкесінен айырылған Ердос Қанаев желідегі парақшасында жантебірентерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Todayinfo.

«Жігіттер» тобының мүшесі әкесінің қазасы қиынға соққанын айтып, шарасыз күйде екенін жеткізді.

«Ей, дүние! Енді сенде менің асқар тау Әкем жоқ. Сен соныңмен жалғансың. Ей, ақырет! Енді сен асқартау Әкеме хайырлы тұрақ бол! Сен соныңмен ақиқатсың.
Ішімде содай шарасыздық тұр. Әкеден айырылудың мұндай қиын екенін білсем де, ешқашан СЕЗІП көрмеп едім. Бұл күнде орнады.
«Тауым шағылды» — деген сөздің мәнісін енді түсінгендеймін. Әкең өлсе тауың шағылғанмен бірдей екен ғой. Артыма қарасам қорғаным құлағандай.
Әкемнің көңіліне тиіп кетпесін деп, көшенің жағымсыз әнгімесін айтпаушы едім, тәттісін әкем жесін деп тамаққа ешқашан бірінші қол созбаушы едім. Әкем ұзақ өмір сүрсінші деп емдетуші едім. Бізді асыраймын деп тарихтың қатпар парақтарындай болған қолын сүюші едім, балаларым ешкімге қол созып қалмасын деп дүниенің соқтықпалы соқпақты жолдарымен жүрген аяғын уқалаушы едім. Енді бәрі жоқ, енді бәрі тоқтады. Құранда Алла бұйырғандай ата-ана-анаға жақсы сөз сөйлеңдер дегенге тек жақсы сөзімді айтушы едім. Ол екеуіне кішірейіп мархамет құшағын жай! — дегенге өзімді жоғары көріп, оларды өзімнен төмен көрмейтін едім. Олардың алдында кішірейіп,кішіпейіл болушы едім, мейірімімді төгетін едім. Жақсылыққа ең лайықты жандар екенін біліп шамам жеткенше жақсылығымды жасайтын едім. Ата-анамның алдында қожайынның алдында қателік істеп қойған құл секілді әрекет жасайтын едім. Құранда ата-анаға жақсылық жасауды өсиет етпесе де сау ақыл ол екеуіне қызмет қылу уәжіп екенін түсініп, парызымды шамам жеткенше өтейтін едім. Мен мына дүниенің патшасы едім, кімде-кімнің ата-анасы болса және соларға қызмет етуде өзін пида етіп жүрген болса ол адам осы дүниенің патшасы деген. Бірақ бұл жақсылығымның жартысынан айырылдым. Осы дүниеде өмірінің соңына дейін адал болып, саған әрдайым жанашыр болатын адам ол ата-анаң екен ғой.
Бұрын ата-анам менің амандығымды сұрайтын. Кейін мен олардың амандығын сұраудан асқан бақыт жоқ екенін білдім. Жәннаттың тең жартысы әкенікі демекші, Жәннатқа кіру үшін әкең мен шешеңнің разылығы болу керек екенін үнемі жадымнан шығармайтын едім. Енді Жәннатымның бір есігі жабылды.
Уа, Алла! Мен саған куәлік етемін. Әкем маған ең жақсы ӘКЕ болды.Ең жақсы тәрбиені берді.
Я, Әл-Ғафур, әкемнің күналарын кешір. Я, Әр Раззақ, Әкемнің ризығын Жәннат ет», — деді ол.

Желі қолданушылары әншінің жазбасы жүрекке жеткенін айтып, түрлі пікір жазды.

Фото: Ердос Қанаевтың парақшасынан

Оқылып жатыр

«Жалақысын талап еткен»: СҚО-да жұмысшы фермерді атып тастады

Пойызда 10 адамды пышақтап кетті: сұмдық оқиғаға қатысты екі күдікті ұсталды

«Бұрын бір театрда бірге болған»: Перизат Қайрат пен Саят Медеуовтің құшақтасқан суреті тарады

«Күйеуі көзіне шөп салған әйелдер түнімен ұйықтамады»: Дана Нұржігіт Тұрсынбек Қабатов туралы пікір білдірді

«Көшедегі әркімнің бір тряпкасысың»: Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің хаттарын көрген жұрт жағасын ұстады

«Қымбат тон, бриллиант бәрі соның үстінде»: Мөлдір Мұқанова тоқалымен кеткен Тұрсынбекті сағынғанын айтты

Соңғы жазбалар

«Жалақысын талап еткен»: СҚО-да жұмысшы фермерді атып тастады

2 Қараша, 2025

Пойызда 10 адамды пышақтап кетті: сұмдық оқиғаға қатысты екі күдікті ұсталды

2 Қараша, 2025

Алматыда медициналық ұйымдардағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексеріліп жатыр

2 Қараша, 2025

«Бұрын бір театрда бірге болған»: Перизат Қайрат пен Саят Медеуовтің құшақтасқан суреті тарады

2 Қараша, 2025

«Күйеуі көзіне шөп салған әйелдер түнімен ұйықтамады»: Дана Нұржігіт Тұрсынбек Қабатов туралы пікір білдірді

2 Қараша, 2025

«Тауым шағылды, ей ақырет әкеме қайырлы бол»: Жігіттер тобының әншісі қайғылы қазаға тап болды

2 Қараша, 2025

«Көшедегі әркімнің бір тряпкасысың»: Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің хаттарын көрген жұрт жағасын ұстады

2 Қараша, 2025

«Қымбат тон, бриллиант бәрі соның үстінде»: Мөлдір Мұқанова тоқалымен кеткен Тұрсынбекті сағынғанын айтты

2 Қараша, 2025

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

1 Қараша, 2025

«Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды

1 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.