Қазақ эстрадасының танымал әншісі Мақпал Жүнісова мен оның қызы Мерейдің қатысуымен өткен бағдарламаның архивтік видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бұл видео көпшіліктің көңілін көтеріп, жылы пікірлерге ие болды, деп Тodayinfo ақпараттық порталы.
Мерей анасының тәрбиесі туралы ой бөлісіп: «Мен анамның ақылын тыңдаймын. Ақылын тыңдамасам, анамнан қорқамын. Ол маған қатты айқайламайды, бірақ «өй, жаныңды шығарам, таяқ жейсің» деп айтады. Сол сөзінен қорқамын», деп ағынан жарылды. Оның бұл сөзін естіген Мақпал Жүнісова мен студиядағы көрермендер ду күлді.
Желі қолданушыларының жылы лебіздері
Бұл видео желіде тез таралып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Желі қолданушылары анасы мен қызының арасындағы жылы қарым-қатынасқа тәнті болып, оларға ұзақ ғұмыр тіледі.
«Мерей мен Мақпалға ұзақ өмір тілейміз. Мақпалдың энергетикасы ерекше. Мамасына тартыпты ғой», — деп пікір қалдырды желі қолданушылары.