Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақстанда ЛГБТ насихатына заңмен тыйым салынуы мүмкін

2 Қыркүйек, 2025

Алматы қаласында Бас редакторлар клубының ресми өкілі тағайындалды

2 Қыркүйек, 2025

Бейжіңдегі энергетикалық диалог: Қазақстан мен Қытай жаңа стратегиялық жобаларды бастады

2 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақстанда ЛГБТ насихатына заңмен тыйым салынуы мүмкін
  • Алматы қаласында Бас редакторлар клубының ресми өкілі тағайындалды
  • Бейжіңдегі энергетикалық диалог: Қазақстан мен Қытай жаңа стратегиялық жобаларды бастады
  • «Мойынсұнғыш, ұялшақ»: Психолог Димашты отбасының айтқанынан шыға алмайтын адамға теңеді (ВИДЕО)
  • Бейжіңде Қазақстанның мәдениет орталығы салтанатты түрде ашылды
  • Байқоныс ауылында жаңа мектеп ашылды
  • «Екінші рет өмірге келдім»: Алматылық дәрігерлер ұшақта жолаушыны бір өлімнен аман алып қалды
  • Бауыржан Байбектің қазір немен айналысып жүргені белгілі болды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 2 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Таза Қазақстан»: Ақмола облысында экологиялық мәдениет қалыптастыруға бағытталған ауқымды шаралар өтуде

«Таза Қазақстан»: Ақмола облысында экологиялық мәдениет қалыптастыруға бағытталған ауқымды шаралар өтуде

2 Қыркүйек, 2025 Ақмола облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ақмола облысында экологиялық мәдениетті нығайтуға және табиғатты қорғауға бағытталған кең көлемді жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында өңірдің барлық аудан-қалаларында сенбіліктер, плогинг қозғалысы, ағаш отырғызу және түрлі экологиялық бастамалар тұрақты ұйымдастырылып келеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық агенттігі.

Өңір орталығы Көкшетауда өткен сенбіліктерде қала тұрғындары, жастар ұйымдары, еріктілер мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қолқабыс жасады. Олар Қопа көлі мен Қылшақты өзенінің жағалауын, сондай-ақ саябақтар мен жаяу жүргіншілер көп жүретін аумақтарды қоқыстан тазартып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияға жастардың белсенді араласуы олардың экологиялық жауапкершілігінің артқанын көрсетеді.

«Плогинг – бұл тек қоқыс жинау емес, ол қалаға деген сүйіспеншілікті және ортақ құндылықты сақтау мәдениетін қалыптастырады», – дейді қатысушылар.

Жасыл желекке бөленген Ақкөл қаласында өткен сенбілікке мемлекеттік мекеме қызметкерлері, әскери қызметшілер, студенттер, мектеп оқушылары және жергілікті тұрғындар белсене қатысты. Аудан әкімі акцияның маңыздылығын атап өтіп, шараға қатысуға шақырды.

«Таза Қазақстан – әр азаматтың болашаққа қосқан үлесі. Табиғатты қорғау – бүгінгі емес, ертеңгі ұрпақ алдындағы парыз», – деді.

Осы жылдың басынан бері Ақкөл ауданында 130-дан астам сенбілік өткізіліп, 10 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Сонымен қатар 500 ағаш көшеті және 25 мыңнан астам гүл отырғызылды. Бұл деректер өңір тұрғындарының табиғатты қорғауға деген жоғары жауапкершілігін дәлелдейді.

Туристер жиі баратын Бурабай ауданында да «Жасыл ел» жасақтары Щучье көлінің жағалауында сенбілік ұйымдастырды. Жастар бір күнде 40-тан астам қап қоқыс жинап, демалушылар арасында табиғатты күтіп ұстаудың маңызы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, ауданның мектеп оқушылары мен колледж студенттері саябақтарды тазалап, ағаш көшеттерін отырғызуға атсалысты. Акцияның соңында «Жасыл ел» еңбек жасағының маусымдық жұмысы қорытындыланып, жастардың еңбегі марапатталды.

Ақмола облысының барлық аудан-қалаларында өтіп жатқан бұл бастамалар – бір реттік сенбіліктер ғана емес, қоғамда экологиялық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыс.

Оқылып жатыр

Көкшетауда жаңа су тазарту құрылыстары іске қосылды

Көкшетауда Конституцияның 30 жылдығы кең көлемде аталып өтті

«Үш ай тұрақты өшкен»: Зерендіге қарасты үш ауылды электрмен жабдықтау толық шешілді

«7 мың комбайн жұмылдырылады»: Ақмола облысында астық жинау науқаны басталды

Жұмысшы мамандықтар – болашаққа бастар жол: Ақмола облысының тәжірибесі

Максимовка ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталуға жақын

Соңғы жазбалар

Қазақстанда ЛГБТ насихатына заңмен тыйым салынуы мүмкін

2 Қыркүйек, 2025

Алматы қаласында Бас редакторлар клубының ресми өкілі тағайындалды

2 Қыркүйек, 2025

Бейжіңдегі энергетикалық диалог: Қазақстан мен Қытай жаңа стратегиялық жобаларды бастады

2 Қыркүйек, 2025

«Мойынсұнғыш, ұялшақ»: Психолог Димашты отбасының айтқанынан шыға алмайтын адамға теңеді (ВИДЕО)

2 Қыркүйек, 2025

Бейжіңде Қазақстанның мәдениет орталығы салтанатты түрде ашылды

2 Қыркүйек, 2025

Байқоныс ауылында жаңа мектеп ашылды

2 Қыркүйек, 2025

«Екінші рет өмірге келдім»: Алматылық дәрігерлер ұшақта жолаушыны бір өлімнен аман алып қалды

2 Қыркүйек, 2025

Бауыржан Байбектің қазір немен айналысып жүргені белгілі болды

2 Қыркүйек, 2025

Қазақстандағы кейбір көп балалы отбасыларға мемлекет көмек көрсетуді тоқтатады

2 Қыркүйек, 2025

Бір тәулік күту: Қазақстанда кредит беру тәртібіне жаңа талап енгізілді

2 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.