Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады
  • «Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті

19 Тамыз, 2025 Ұлытау облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Ұлытау облысында ұлттық экологиялық бастама – «Таза Қазақстан» акциясы аясында жаппай сенбіліктер ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға шақыру, экологиялық мәдениетті арттыру және туған өлкеге қамқорлық жасауды дәстүрге айналдыру, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Акция облыстың барлық қалалары мен аудандарында өтті.

​Жезқазған қаласында «Таза қала» акциясы жастар, еріктілер мен қала тұрғындарының қатысуымен Алашахан даңғылы бойында ұйымдастырылып, орталық көшелері тазаланды.

​Сәтбаев қаласында «Аялы Жер — Таза Жер» атты іс-шара Спорттық-сауықтыру кешенінде өтіп, тұрғындармен қатар қоғамдық ұйым өкілдері экологиялық мәдениетті насихаттады.

​Қаражал қаласы мен Жәйрем кентінде ақсақалдар кеңесі, мәслихат депутаттары мен жастардың белсенді қатысуымен саябақтар мен демалыс орындары тазартылды.

​Жаңаарқа ауданында «Таза аудан» акциясы аясында орталық алаң мен қоғамдық орындарда сенбілік өтті.

​Ұлытау ауданында, Ембұлақ өңірінде жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған тазалық шарасына ауыл тұрғындары мен белсенді жастар қатысты.

Акцияға мемлекеттік органдар өкілдерімен қатар, блогерлер, қоғамдық ұйым мүшелері, жастар және еріктілер қатысты. Сондай-ақ, облыстық және республикалық БАҚ өкілдері ақпараттық қолдау көрсетті.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 2025 жылдың басынан бері 7 облыстық және 8 қалалық сенбілік өткізілді. Бұған қоса, апта сайын қала мен аудандарда «Таза бейсенбі» шарасы өткізіліп келеді.

2025 жылдың басынан бастап «Таза Қазақстан» акциясына 44 мыңнан астам адам қатысты. Сондай-ақ 870 арнайы техника бірлігі жұмылдырылып, 3520 тонна қоқыс шығарылды.

#ТазаҚазақстан #тұрақтыдаму #тазақазақелі #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan #Ұлытауоблысы

Оқылып жатыр

Ұлытау облысында әйгілі әнші Қайрат Байбосыновтың мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті

Ұлытау облысында демеушілердің қаражатына 60 миллиард теңгеге әлеуметтік нысандар салынады

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы: Ұлытаулықтар ұлы ойшылдың рухына тағзым етті

Ұлытау облысында алғаш рет ашық жүрекке ота жасалды

«Жылына 100 баланы қамтиды»: Ұлытау облысында аутизм орталығы жұмысын бастады

Жезқазғанда ойын алаңдары жаңартылуда: өңір басшысы сапаны бақылауға алды

Соңғы жазбалар

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.