Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Жыл басынан бері Жетісу облысына 330,3 млрд теңге инвестиция тартылды

12 Қараша, 2025

«Менің екінші үйіме айналды»: Степногорск қаласында қарияларға арналған орталық ашылды

12 Қараша, 2025

«Кірдің ішінде өмір сүретін халық»: Ресейлік блогер қазақтарды қорлайтын пікір жазған

12 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Жыл басынан бері Жетісу облысына 330,3 млрд теңге инвестиция тартылды
  • «Менің екінші үйіме айналды»: Степногорск қаласында қарияларға арналған орталық ашылды
  • «Кірдің ішінде өмір сүретін халық»: Ресейлік блогер қазақтарды қорлайтын пікір жазған
  • Мемлекет басшысы «Белгісіз жауынгер бейіті» ескерткіш мемориалына гүл шоғын қойды
  • Алматының Медеу ауданындағы барлық көше 2025 жылдың соңына дейін жарықтандырылады
  • Экологиялық жауапкершілік – Қарағанды өңірінің басты ұстанымы
  • ЛГБТ насихаты ұлттық құндылыққа қауіп төндіреді — депутат Еділ Жаңбыршин
  • Алматы қаласы әкімдігі бизнесті қолдайды: кәсіпкерлер үшін салық жүктемесін азайту ұсынылды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 12 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » «Таза Қазақстан» жалпыұлттық сенбілігі: Қарағанды облысында 10 мың түп ағаш егілді

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық сенбілігі: Қарағанды облысында 10 мың түп ағаш егілді

11 Қазан, 2025 Қарағанды облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қарағанды облысы «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен жалпыұлттық сенбілікке белсенді түрде қатысты. Экологиялық шараға өңірдің шамамен 30 мың тұрғыны қатысып, 70 гектар аумақ тазартылды. Бұл күні 10 мың түп ағаш егілді. Жалпы, облыста кең ауқымды көгалдандыру жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды қаласындағы Н. Назарбаев даңғылы бойындағы гүлзарда өткен ағаш егу жұмыстарына қатысты.

Бұл аумақтағы жасыл желек ескі болғандықтан, оны жаңарту туралы шешім қабылданған. Жол бойына қарағаш, ал гүлзар ішіне қарағай көшеттері егілуде.

– Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің барлық аймағында жалпыұлттық сенбілік өтуде. Бұл жұмысты жүйелі әрі жоспарлы түрде жалғастырамыз. Осы акцияға белсене атсалысқан барлық тұрғындарға алғысымды білдіремін, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Назарбаев даңғылындағы гүзарға отандық тұқымбақтан әкелінген 50 түп қарағай көшеті егілді. Олар былтыр егілген жасыл желекті толықтырды.

Жастар ресурстық орталығының волонтёрлері Әділжан Сүйінүков пен Жансерік Жұманов экологиялық акцияларға үнемі қатысып келеді.

– Бүгін біз сенбілікке команда болып келдік. Осы гүлзарда кезінде біздің ата-әжелеріміз ағаш еккен еді, енді сол игі істі жалғастыру – біздің парызымыз, – дейді еріктілер. – Қарағандының әрдайым жасыл қала болып қалғанын қалаймыз.

Бүгінгі сенбілік аясында Қарағанды қаласында шамамен 500 түп ағаш егілді. Қалада көгалдандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Оның ішінде өтемдік (компенсациялық) ағаш егу шаралары да бар.

Кәсіпкерлер де бастама көтеріп, өздеріне қарасты нысандардың маңайына ағаш егіп жатыр.

 

Қазыбек би ауданында көктем мезгілінде 1260 ағаш егілсе, күзде олардың қатарына тағы 4 мыңнан астам түп қосылады. Әлихан Бөкейхан ауданында да көгалдандыру жұмыстары жалғасуда.

Биыл Қарағандыда жаңа алма бағының іргетасы қаланды. Қазірдің өзінде 3 500 түп жабайы және жеміс беретін алма ағашы егілді, ал жуық арада олардың саны 5 000 түпке дейін жетпек.

Сонымен қатар саябақтар мен демалыс аймақтарын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары да қатар жүргізіліп жатыр. 15-магистраль бойына шамамен 600 түп қарағаш егілді, ал жақын арада олардың саны 2 мыңға жетеді.

Өтемдік ағаштардың күтімі үш жыл бойы мердігер ұйымдардың бақылауында болады. Олар көшеттердің жерсінуі мен өсу жағдайын тұрақты қадағалайды. Ал алма бағы мен гүлзарлардағы және магистраль бойындағы жаңа жасыл желектің күтімін саябақтар басқармасы жүзеге асырады.

Академик А. С. Сагинов атындағы Қарағанды техникалық университетінің аумағын енді 100 түп жапырақты ағаш – қайың, шетен және алма ағаштары көріктендіреді. Демеушілердің қолдауымен мұнда жаңа жасыл аллея бой көтерді.

Home Credit Bank филиалының шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі директорының орынбасары Самғат Айтжанның айтуынша, Қарағандыда экологиялық мәселелерге айрықша назар аудару қажет. Сондықтан қаржы ұйымы қаланы көгалдандыру ісіне өз үлесін қосуға шешім қабылдаған.

 

Оқылып жатыр

Экологиялық жауапкершілік – Қарағанды өңірінің басты ұстанымы

Ақылды бағдаршамдардан стартаптарға дейін: Қарағанды облысы цифрландыру қарқынын күшейтуде

Қарағанды облысы өнеркәсіптік әлеуетін арттыруда: 4 триллион теңге – жаңа рекорд

Сүйінші! 2,5 мың жылдық тарихы бар құнды жәдігер табылды — Әлібек Әлденей

Қарағандыда «Тұлпар мініп, ту алған» байқауына дем берген меморандумға қол қойылды

Қарағанды облысында жаңа үлгідегі тағы бір мектеп ашылды

Соңғы жазбалар

Жыл басынан бері Жетісу облысына 330,3 млрд теңге инвестиция тартылды

12 Қараша, 2025

«Менің екінші үйіме айналды»: Степногорск қаласында қарияларға арналған орталық ашылды

12 Қараша, 2025

«Кірдің ішінде өмір сүретін халық»: Ресейлік блогер қазақтарды қорлайтын пікір жазған

12 Қараша, 2025

Мемлекет басшысы «Белгісіз жауынгер бейіті» ескерткіш мемориалына гүл шоғын қойды

12 Қараша, 2025

Алматының Медеу ауданындағы барлық көше 2025 жылдың соңына дейін жарықтандырылады

12 Қараша, 2025

Экологиялық жауапкершілік – Қарағанды өңірінің басты ұстанымы

12 Қараша, 2025

ЛГБТ насихаты ұлттық құндылыққа қауіп төндіреді — депутат Еділ Жаңбыршин

12 Қараша, 2025

Алматы қаласы әкімдігі бизнесті қолдайды: кәсіпкерлер үшін салық жүктемесін азайту ұсынылды

12 Қараша, 2025

«Жалғыздық тек Құдайға жарасқан»: Мөлдір Әуелбекованың анасы қызына қайта тұрмысқа шығуға кеңес берді

12 Қараша, 2025

Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын

12 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.