Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Teacher’s Summit-2025: Қазақстандық мұғалімдерге цифрлық дәуірге бейімделудің жолдары таныстырылды

7 Қараша, 2025

«Бір де бір заңсыздық таппадым»: Алматыда халықпен кездескен Бақытжан Базарбек құрылыс дауына қатысты пікір білдірді

7 Қараша, 2025

«Бұл келісім Ресей мен Қытайдың дәстүрлі ықпалын әлсіретеді»: Саясаткер «Ибраһим келісімі» туралы шындықты айтты

7 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Teacher’s Summit-2025: Қазақстандық мұғалімдерге цифрлық дәуірге бейімделудің жолдары таныстырылды
  • «Бір де бір заңсыздық таппадым»: Алматыда халықпен кездескен Бақытжан Базарбек құрылыс дауына қатысты пікір білдірді
  • «Бұл келісім Ресей мен Қытайдың дәстүрлі ықпалын әлсіретеді»: Саясаткер «Ибраһим келісімі» туралы шындықты айтты
  • Ибраһим келісімі Қазақстанның әлем елдерімен ынтымақтастығын нығайтады — СІМ
  • Батыс Қазақстанда келешек мектебі бой көтерді
  • «Шімірікпей өтірік айтты»: Депутат Бақытжан Базарбектің әйелі қызметтік үйін көрсетіп, оңбай сынға қалды (ВИДЕО)
  • 2026 жылдан бастап Қазақстандықтардың жасырын табысы жаңа әдіспен анықталады
  • 2026 жылғы Құрбан айт қай уақытта басталады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сенбі, 8 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Teacher’s Summit-2025 Қазақстан педагогтарының цифрлық болашағына жол ашады

Teacher’s Summit-2025 Қазақстан педагогтарының цифрлық болашағына жол ашады

7 Қараша, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Білім саласына цифрлық құралдарды енгізу. Жасанды интеллектті меңгеру, әйтсе де адам баласына тән жүректі сақтап қалу. 7 қарашада Алматыда АҚШ, Британия және Ресей эксперттері отандық педагогтарға білімімен және Қазақстанның білім саласында цифрлық технологияны интеграциялаудың әдіс-тәсілімен бөліскен Халықаралық Teacher’s Summit-2025 өтті.

Саммит орта білім саласындағы ең жағымды жаңалықтан – Грекияда өткен KGL Contest (Kangaroo Global Linguistics) халықаралық олимпиадасында ағылшын тілінің ең күрделі B2 деңгейінен бірінші орынды иеленген Алматы қ. № 23 МЛ оқушысы Дария Насимуллинаны марапаттау салтанатынан басталды. Беделді халықаралық тіл олимпиадасына Қазақстан алғаш рет қатысқан еді. Отандық мектептердің KGL Contest-те бақ сынау идеясын «EDU Stream» халықаралық компаниялар тобы ұсынып, білім сайысының ел ішінде өткен алғашқы екі кезеңін аймақтағы білім басқармаларының көмегімен жүзеге асырды. Нәтижесінде білім сайысына Қазақстанның 9 облысы мен үш мегаполисі – Астана, Алматы мен Шымкенттен 2691 оқушы қатысқан.

Ағылшын тілінен халықаралық олимпиаданың бірінші кезеңі қаңтар айына бекітіліп, қысқы аяз бен қашықтыққа қарамастан табандылық танытқан ата-аналар мен ұстаздар оқушыларды түгелдей жеткізді. Сайысқа тіркелген 2691 баладан алғашқы іріктеуге 90%-ды құрайтын межелі деңгейді еңсерген 530 оқушы ілінді. Екінші тест наурызда өтіп, Республика үздіктері атанған он бес баланы анықтады. Олимпиаданы Қазақстанда ұйымдастырған EDU Stream компаниясы бірінші орын иегерлері мен олардың ұстаздарын Грекияның Салоники қаласында өткен Global Event финалына ұшатын билетпен қамтамасыз етті. Алматы қ. № 23 МГ оқушысы Дария Насимуллина 40-тан астам мемлекеттің оқушыларының ішінен өзінің В2 деңгейі бойынша 1 орынды ұтып алды.

— Ағылшын тілінен KGL Contest халықаралық олимпиадасын жылда өткізетін британдық International Testing Authority (ITA) кеңсесінің дерегіне сүйенсек, Қазақстан оқушыларының орташа үлгерім деңгейі әлем балаларымен салыстырғанда – тұрақты, ал ағылшыны A1 және A2 деңгейдегі оқушылардың көрсеткішінің белсенділігі жоғары. Бұл нені білдіреді? Бұл отандық мектептерде A1 және A2 категориясындағы балалардың базалық білімі мықты және шет тілін оқытатын бастапқы дайындық деңгейі жақсы екенін дәлелдейді. Яғни бұл балалар ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқыды, ол бағдарлама 2016 мен 2024 жылдар аралығында жүзеге асты. Қазір мектепте шет тілі үшінші сыныптан бастап оқытылады, — деп түйіндеді EDU Stream халықаралық компаниялар тобының бас директоры Наталья Мұхамеджанова.

ITA статистикасы көрсеткендей (графика төменде), жалпы Қазақстан оқушыларының нәтижесі көп деңгейде әлемдегі орташа көрсеткішпен теңеседі. Ал B1 және B2 білім деңгейіндегі жоғары сыныптардың ұпайы шамалы төмен болуы, оларға тілді аса жоғары деңгейде меңгергендерден тікелей көмек қажет екенін айқындайды.

Дереккөз: KGL Contest-2025 конкурсының бірінші кезеңінің – International Testing Authority (ITA) дерегі.

ITA эксперттері мемлекет KGL Contest сайысына алғаш рет қатысып, бірден ең жоғарғы деңгейдің бірінші орнын ұтып алуы бұрын-соңды болмаған жағдай екенін атап өтті. Финалда Қазақстаннан бақ сынаған тағы үш оқушымыздың да жинаған ұпайы жоғары болғаны да маңызды көрсеткіш. Бұл жетістік еліміздің ұстаздарына шабыт сыйлағаны анық.

Отандық мектептерге ағылшын, француз, неміс және орыс тілдерінен оқу-әдістемелік кешен дайындайтын «EDU Stream» компаниясы барлық деңгейдегі ұстаздардың біліктілігін арттыру жұмысын жалғастырып келеді. Бүгінде педагогтардың алдында жаңа міндет – цифрлық сауатты көтеру мәселесі тұр. Осы өзекті сұрақ Teacher’s Summit-2025 шарасын ұйымдастыруға себепші болғаны бар.

— Біз елімізді былай қойғанда, күллі адамзаттың цифрлану дәуіріне қалай өткеніне куәгер болып қана қоймай, осы үрдістің жүзеге асуына өзіміз де ат салысып жатырмыз. Мемлекет басшысы өз жолдауында педагогтардың жасанды интеллект технологиясымен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру қаншалықты маңызды екенін айрықша атап өткен. «EDU Stream» компаниясы дәстүр бойынша Қазақстанға инновациялар әкелумен айналысып келеді, оқулық әзірлегенде әлемдегі ең озық білімді енгізеді және шетелдегі ең мықты эксперттерді шақырады. Педагогтарға арналған саммит өткізейік деген бастамамызды Алматы қ. білім басқармасы қолдағанын айта кеткен жөн. Шарада еліміздің 200 жуық ұстазы бас қосты. Халықаралық ғалымдар отандық педагогтарға шеберлік сабақтар өткізді, шет тілдерін оқыту арқылы медиасауат жөнінде пайдалы құралдармен бөлісті, — деп сөзін жалғастырды шараны ұйымдастырушы Наталья Мұхамеджанова.

Цифрландыру білім беру құралдарын толықтырып, оқыту процесін жеңілдетеді, алайда педагогиканың негізі – ізгілік сақталады және адам баласының ағартушылық жолында принциптің негізі болып қалады, дейді қазақстандық әріптестеріне «Білім беруді қайта қарау: мәселенің ортасында адам, цифрлық технологиялар мәніне сай қолданылады» атты тақырыпты қозғаған Кембридж Университетінің профессоры Надим Халид.

— Тақырыбымда жасанды интеллектті этикалық тұрғыда қолдануды және оның әлеуетін жеке білім алуда, креатив мақсатында пайдалануды және ұстаздықтың асқан шыңы – оқушыны білімге қызықтырғанда адамзатпен байланыстан ажырамауы туралы сөз еттім. Педагогтар сыни ойлау, білімпаздық қабілеттерді дамытуға және пән аралық мәселелерді шешу мен жобалауды үйренуге қатысты практикалық құралдармен танысты. Білім саласының мамандары презентация аясында әріптестікке, эмпатияға және цифрлық технологияны жауапкершілікпен қолдануға ынталандыратын инклюзиялық және демократиялық білім аудиториясын қалай дайындау керегін үйренді. Аталған шара жан-жақты ойластыру мен технологияны әдепке сай енгізудің арқасында мұғалімдерді болашақ пен терең ізгілікке бағытталған білім алатын орта қалыптастыруға итермелейді, — деп атап өтті Кембридж Университетінің профессоры, философия докторы Надим Халид.

Британиялық Express Publishing баспасының эксперті Эфтихиос Кантаракис Teacher’s Summit-2025 кезінде өзінің «Нөлдер мен бірліктердің арасы: ағылшын тілін оқыту кезінде баламадан цифрлық құралға» атты тақырыбын ұсынды. Нәтижесінде саммитке қатысушылар дәстүрлі сабақ беру әдісіне қосымша цифрлық құралдарды (бейімделген платформалар, жасанды интеллектті интеграциялау және оқытуды басқару жүйесі) қалай қолдану керегін меңгерді. Сонымен қатар отандық ұстаздар шәкірттерді ынталандыру – оқушының қызығушылығын арттыратын әдістерді зерттеу және интерактив пен бірлескен құралдар арқылы өз бетінше жұмыс істеу жөнінде білім нәрін сусындады.

Teacher’s Summit-2025 шарасының басты мақсаты – білім саласының өзекті мәселелерін талқылау, инновациялық шешімдер мен технологияларды ортаға салу, тәжірибе алмасу және кәсіби байланысты нығайту үшін ұстаздар қауымдастығының басын қосу. Атап айтқанда, саммит педагогтардың цифрлық сауатын арттыруды, жаңа әдістерді енгізуді, шабыт пен кәсіби біліктілікті көтеруді, сондай-ақ білім саласының даму стратегиясын талқылау мен эксперттік ортаны қалыптастыруды көздейді.

Оқылып жатыр

Teacher’s Summit-2025: Қазақстандық мұғалімдерге цифрлық дәуірге бейімделудің жолдары таныстырылды

«Бір де бір заңсыздық таппадым»: Алматыда халықпен кездескен Бақытжан Базарбек құрылыс дауына қатысты пікір білдірді

Ибраһим келісімі Қазақстанның әлем елдерімен ынтымақтастығын нығайтады — СІМ

«Шімірікпей өтірік айтты»: Депутат Бақытжан Базарбектің әйелі қызметтік үйін көрсетіп, оңбай сынға қалды (ВИДЕО)

2026 жылдан бастап Қазақстандықтардың жасырын табысы жаңа әдіспен анықталады

2026 жылғы Құрбан айт қай уақытта басталады

Соңғы жазбалар

Teacher’s Summit-2025: Қазақстандық мұғалімдерге цифрлық дәуірге бейімделудің жолдары таныстырылды

7 Қараша, 2025

«Бір де бір заңсыздық таппадым»: Алматыда халықпен кездескен Бақытжан Базарбек құрылыс дауына қатысты пікір білдірді

7 Қараша, 2025

«Бұл келісім Ресей мен Қытайдың дәстүрлі ықпалын әлсіретеді»: Саясаткер «Ибраһим келісімі» туралы шындықты айтты

7 Қараша, 2025

Ибраһим келісімі Қазақстанның әлем елдерімен ынтымақтастығын нығайтады — СІМ

7 Қараша, 2025

Батыс Қазақстанда келешек мектебі бой көтерді

7 Қараша, 2025

«Шімірікпей өтірік айтты»: Депутат Бақытжан Базарбектің әйелі қызметтік үйін көрсетіп, оңбай сынға қалды (ВИДЕО)

7 Қараша, 2025

2026 жылдан бастап Қазақстандықтардың жасырын табысы жаңа әдіспен анықталады

7 Қараша, 2025

2026 жылғы Құрбан айт қай уақытта басталады

7 Қараша, 2025

Teacher’s Summit-2025 Қазақстан педагогтарының цифрлық болашағына жол ашады

7 Қараша, 2025

«Он млн теңге бопсалаған»: Шымкентте Azattyq ruhy-ның бұрынғы тілшісі ұсталды

7 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.