Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында кешкі алтыдан түнгі үшке дейін жеке корпоративтер өткізетіні жайлы айтып, театрдың басшысын айыптаған еді. Театрдың директоры Айнұр Көпбасарованың мекеме қаражат табу керек екенін ашық айтты, деп хабарлайды Todayinfo.
Дегенмен 2022-2026 жылдарына арналған Даму жоспарына сәйкес театрда бірлескен іс-шаралар өтеді екен.
«Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығына сәйкес, мемлекеттік театрлар, концерттік ұйымдар, мәдени демалыс орындары, музейлер және цирктер мемлекеттік субсидияның 10%-ын өз бетінше табуы тиіс. Осы талапқа байланысты театрлар мен мәдени ұйымдар бірлескен іс-шараларды ұйымдастырып, өз қызметтерін әртараптандыруға мәжбүр. Мемлекеттік мәдени ұйымдардың көрсетілетін қызметтері мен атқаратын жұмыстарының бағасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы бұйрығының қосымшасына сәйкес белгіленген», — деп жауап берген Көпбасарова azattyq-ruhyна.
Директор атағандай, бірлескен іс-шаралар негізгі сахнада, камералық сахнада, Art галереясында, 2 қабаттың фойесінде өтеді.
«Бірлескен іс-шаралар сұраныс бойынша жыл бойы өткізіледі. Олардан түскен қаражат Даму жоспарына сәйкес, театр қызметін қамтамасыз ететін шығындарға жұмсалады. Бірлескен іс-шара бойынша заңды тұлғалармен келісімшарт жасалды. Келісім шарттар АҚ, ЖШС, ЖК және банктер, оқу орындары, басылымдар, қоғамдық қорлар және мемлекеттік емес мекемелермен түзілді. Мемлекеттен берілетін субсидияның 10%-ын театр өзі қамтамасыз етуге міндетті. Сондықтан, Даму жоспарына сәйкес жоспарланған табыс табу қарастырылған», — деп түйіндеді Көпбасарова.
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy