Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Теріс діни ағым өкілдері қоғамға іріткі салуға кірісті – депутат

20 ноября, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи «Ескі Қазақстанды» аңсаушылар елде саяси теңселісті тудыруға ниеттеніп жатқанын айтты.

Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевқа, Ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаеваға депутаттық сауал жолданды.

«Жуықта өткен республикалық фермерлер форумында президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бүгінде әлеуметтік желілерде әдемі өмір сүру мен оңай олжа табу туралы жарнамалар көбейіп кетті. Бұл халықтың санасына барлық жетістікке қиналмай қол жеткізуге болады деген бос қиялды сіңіреді. Жастардың белгілі бір бөлігі соған сеніп, алтын уақыттарын босқа сарп етуде» деген болатын. Міне, осы «танымал табыстылар» бүгінде қоғамдық пікірге ықпал ету саясатына ауыз сала бастады», — деді Ермұрат Бапи.

Ол президенттің пікір призмасы арқылы қоғамда болған жекелеген жайттарға тоқталды.

«Жуырда әлеуметтік желілер арқылы Сенаттың бұрынғы төрағасы Дариға Назарбаеваны жер-көкке сыйғызбай мақтаған видео тарағаны мәлім. Әлбетте, тақырыпқа желеу болған персонаждың басқалардан адами «артықшылығы» болса, оған ешқандай дау жоқ. Бірақ Дариға ханым кеше ғана елдегі екінші басшысы ретінде жоғарғы саяси лауазым иесі болғанын ұмытпау керек. Сондықтан бұны бұрынғы саяси режимнің «артықшылығын» дәріптеуге арналған, қоғамдық санаға сіңірілмек саяси манипуляция деп қабылдау керек. Әсіресе, қазақ қоғамына іріткі салуға астыртын бағытталған осындай «ескіні аңсау» үрдісі бүгінде саяси сипат ала бастаған сияқты. Әлеуметтік желілер арқылы тарап жатқан мұндай манипуляция арқылы «жаңа Қазақстанды» саяси жік-жікке бөлу, өш алу, есе қайтару, «қайтып келу» әрекетінің әлпетін сезіну қиын болмаса керек», — деді депутат.

Ермұрат Бапидің сөзінше, Қаңтар оқиғасынан кейін лауазымы қызметтен кеткендер кеткендер біртіндеп, елге орала бастаған.

«Мысалы, Қаңтар оқиғасына тікелей қатысы бар, қантөгіске себепші болды деп саналатын «теріс діни ағым» иелері ендігі жерде қоғамның саяси санасына «қиқым салуға» белсенді түрде кірісуде. Бұған тағы да сол «успешный успехқа» жеткен бұрынғылар мұрындық болып жатыр. Қаңтардың қаһарынан қашып кеткендер біртіндеп, елге орала бастады. Енді олар ел ішіне ұлттық мұра мен салт-санаға қарсы идеологияны үйіріп, реваншистік саясатты қоғамға сіңіруге қам жасап жатыр. Мақсат – әзірге онсыз да ала-құла қоғамда әлеуметтік-протестік теңселіс пен наразылық тұрғысында толқулар тудыру», — деді ол.

Оның пікірінше, «Ескі Қазақстанды» аңсаушылар әлеуметтік желілерде көп жазылушысы бар ресустарды «бақылауына» ала бастаған.

«Әлеуметтік желілер мен таралымы миллионға тақау жазылушысы бар танымал интернет ресурстарға қаржылай көмек беру арқылы, оларды өз «бауырларына» басып, ашық платформалар арқылы саяси теңселіс тудыруға ниетті. Маған мұндай инсайдерлік ақпараттың бірнешеуі жетті. «Бүгінгі билік отставкаға кетеді», «мерзімінен бұрын өтетін сайлауларға сайлауға дайындық жүріп жатыр», «депутаттардан ұят кетті» деген сияқты жалаң трендтердің әлеуметтік желіге еркін тарауына сол реваншистік күштердің қолтыққа су бүрку әрекеттері себеп болып жатыр. Мұның бәрі «бұрынғының кезінде мұндай болмаған» деген тезисті тарату арқылы қоғамдық сананаға солақай саңылау салудың саясат технологиясы деп қабылдау керек», — деді Ермұрат Бапи.

Депутат осындай контрпропагандалық материалдардың бір порасын тиісті ведомстволардың жоғары лауазымды қызметкерлеріне жібергенін, ҰҚК бұл деректерді тексеру керек аекенін тап өтті.

«Енді қоғамға іріткі салушы түпнұсқаларды анықтауды, ең бастысы – ел-жұртқа жік салу пиғылы бар осындай «ескішіл» астыртын күштерді анықтауды, олар жөнінде қоғамға толыққанды ақпарат беруді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығынан сұраймын. Бірақ жеме-жемге келгенде, «ескішілдік» технологиясы ұлттық тұтастыққа қастық қылатын, қазақ қоғамын саяси лагерьлерге бөлшектеуге құштар «сөз бостандығы» біздің елдік болашағымызға қатер тудыруы әбден мүмкін. Қазақстанның қауіпсіздігіне, болашақтағы елдік мұратына қаскүнем мұндай сөз бостандығы бізге қажет емес деп санаймын. Сол сияқты, «бұрынғы билікті» аңсаушылар ушықтырып, қазақтар мен жалпы мұсылмандар дүниесін «жаңа Қазақстанға» қарсы айдап салып жүрген діни-саяси әрекеттер де әшкереленуі керек. Қазақтың мың жылдық ұлттық мұраттары мен ұлттық салт-дәстүрі шариғатпен емес, тиісті заңнама нормаларымен реттелуі тиістігін ұмытпайық», — деді ол.

 

 

аңсаушылар депутат елде ескі ниетті саяси теңселісті тудыруға Қазақстанды

Оқылып жатыр

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

Соңғы жазбалар

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.