Түркістан қаласында террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланған ресми жиын өтті. Шараға жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау құрылымдары және стратегиялық нысан иелері қатысты.
Жиын барысында Түркістан қалалық полиция басқармасы мен Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл қызметі бөлімдерінің өкілдері баяндама жасап, қала аумағындағы маңызды стратегиялық, әлеуметтік және көпшілік баратын нысандардың қорғалу деңгейіне тоқталды.
Сонымен қатар, террористік тұрғыдан осал объектілердің тізіміне енгізу, олардың қауіпсіздігін арттыру және төтенше жағдайларға дайындығын күшейту бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Жиын қорытындысында қатысушыларға ашықтық пен жауапкершілік танытып, өз деңгейінде жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігі ескертілді.