Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Әз Жәнібек ханға арнап жазылған жаңа тарихи қолжазба табылды

14 Қараша, 2025

«Ұлымның екі қолын байлап, мойнын сүйеп кеткен»: Марқұм Арман Дүйсеновтің әйелі Тоқаевтан көмек сұрады

14 Қараша, 2025

«Қазақ қара жамылғанда да бұлай істемеген»: экс-күйеуін жоқтауда жаман ырымға барған Мөлдір Мұқанова сынға қалды

14 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Әз Жәнібек ханға арнап жазылған жаңа тарихи қолжазба табылды
  • «Ұлымның екі қолын байлап, мойнын сүйеп кеткен»: Марқұм Арман Дүйсеновтің әйелі Тоқаевтан көмек сұрады
  • «Қазақ қара жамылғанда да бұлай істемеген»: экс-күйеуін жоқтауда жаман ырымға барған Мөлдір Мұқанова сынға қалды
  • Астана әкімдігі сотта 30 мың тұрғынның мүддесін қорғап қалды (ВИДЕО)
  • Алматының туристік саласына құйылған инвестиция 2025 жылы қаңтар-қыркүйек аралығында 113 млрд теңгеге жетті
  • Биылғы қыс қиын болмақ: Шөкин Қазақстан экономикасының тығырыққа тірелгенін тәпсірледі
  • ТЭЦ-2-де апат болды: жарты Алматы жарықсыз, сусыз қалды
  • Алматының Наурызбай ауданында 5,5 мың орындық үш мектеп ашылды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 14 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » ТМД елдері жаһандық қақтығыстардың алдын алу үшін күш біріктіруі тиіс – Тоқаев

ТМД елдері жаһандық қақтығыстардың алдын алу үшін күш біріктіруі тиіс – Тоқаев

10 Қазан, 2025 AQORDA
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі.

Жиынға қатысушыларға ілтипат білдірген Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытып, саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырған тәжік тарапы мен Президент Эмомали Рахмонға алғыс айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

– Тәжікстанның табысты төрағалығы Ұйымның әлеуетін нығайтуға, көпжоспарлы ынтымақтастығымызды тереңдетуге үлкен үлес қосты. Бұл саммит Қазақстанда халықаралық беделді ұйым саналатын ТМД жұмысына үлкен серпін береді, – деді Мемлекет басшысы.

Президент биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтіп жатқанын еске салды.

– Барлық мемлекеттің дамуына жол ашатын жалпыадамзаттық құндылықтарды ауыр жағдайда қорғаған әкелеріміз бен аналарымыздың, жеңімпаз ұрпақтың өшпес ерлігін қазақстандықтар қастер тұтады. ТМД аумағында, соның ішінде Қазақстанда айтулы мерейтой лайықты деңгейде аталып өтті. Мерекелік іс-шаралардың шырқау шегі Мәскеу мен Бейжіңде өткен ауқымды әрі мазмұнды салтанатты шерулер болды. Адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғыстың қаһармандары мен барша қатысушысын жадымызда мәңгі сақтау – моральдік парызымыз. Фашизмді жермен-жексен еткен Ұлы Жеңіске 80 жыл толса да, өкінішке қарай, әлем салдары ауыр тиетін жаһандық қақтығыс қаупімен тағы да бетпе-бет келіп отыр. Қазақстан Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихи шындығын бұрмалауға, фашизмді тойтарған Ұлы Жеңістің тарихи маңызын төмендетуге қатысты әрекеттерге қарсы. Халықаралық құқықтың іргесі сөгіле бастағанын, қақтығысқан мемлекеттер арасындағы сенім деңгейі әбден төмендегенін, көзқарастар қайшылығы күшейе түскенін, көпжақты дипломатияның дағдарысқа ұшырағанын, Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік әлеуеті әлсірегенін алаңдаушылықпен қабылдаймыз. Осындай геосаяси дүрбелеңдер жағдайында барлық қақтығыс факторын жою үшін ТМД елдері мен барша жақтастарымыздың күш біріктіруі өте өзекті. Мұны өзара түсіністік пен жан-жақты ойластырылған іс-қимыл арқылы шешуге болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқылып жатыр

Мемлекет басшысы «Белгісіз жауынгер бейіті» ескерткіш мемориалына гүл шоғын қойды

Мәскеуге сапар қарсаңында «Российская газета» басылымына Тоқаевтың мақаласы шықты

Тоқаев Ресейге мемлекеттік сапармен барады

Қазақстан мен АҚШ 17 млрд доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойды

$17 миллиард келісім, стратегиялық серіктестік: Тоқаев пен Трамп кездесуінің нәтижесі белгілі болды

Тоқаев пен Трамп келіссөз жүргізді

Соңғы жазбалар

Әз Жәнібек ханға арнап жазылған жаңа тарихи қолжазба табылды

14 Қараша, 2025

«Ұлымның екі қолын байлап, мойнын сүйеп кеткен»: Марқұм Арман Дүйсеновтің әйелі Тоқаевтан көмек сұрады

14 Қараша, 2025

«Қазақ қара жамылғанда да бұлай істемеген»: экс-күйеуін жоқтауда жаман ырымға барған Мөлдір Мұқанова сынға қалды

14 Қараша, 2025

Астана әкімдігі сотта 30 мың тұрғынның мүддесін қорғап қалды (ВИДЕО)

14 Қараша, 2025

Алматының туристік саласына құйылған инвестиция 2025 жылы қаңтар-қыркүйек аралығында 113 млрд теңгеге жетті

14 Қараша, 2025

Биылғы қыс қиын болмақ: Шөкин Қазақстан экономикасының тығырыққа тірелгенін тәпсірледі

14 Қараша, 2025

ТЭЦ-2-де апат болды: жарты Алматы жарықсыз, сусыз қалды

13 Қараша, 2025

Алматының Наурызбай ауданында 5,5 мың орындық үш мектеп ашылды

13 Қараша, 2025

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде лифт құлап, 1 адам мерт болды

13 Қараша, 2025

Алматы облысы ауыл шаруашылығы саласында рекорд жаңартты!

13 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.