Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды
  • Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды
  • «Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды
  • Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады
  • Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады
  • «Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды
  • Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы
  • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 16 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Төлеби ауданында өнім көлемі 146 млрд теңгеге жетті – Дархан Сатыбалды

Төлеби ауданында өнім көлемі 146 млрд теңгеге жетті — Дархан Сатыбалды

31 Мамыр, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түркістан облысында өнеркәсіп саласы көбейіп, жалпы өндірілетін өнім көлемі көбейді. Тек соңғы үш жылда өнім көлемі 146 миллиард теңгеге жеткен, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігінің тілшісі. 
Түркістан облысының әрбір аудан, қаласында Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, өңір басшысы Дархан Сатыбалды халықпен ашық кездесулер өткізіп келеді. Кезекті кездесу Төлеби ауданында жалғасты. Облыс әкімі осы уақыт аралығында атқарылған жұмыстарды баяндады. Алдағы жоспарларды пысықтап, ауданның дамыту жұмыстарына тоқталды.
«Бүгін өздеріңізбен маңызды мәселелерді талқылау үшін жүздесіп отырмыз. Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын» іске асыру мақсатында сіздердің ой-пікірлеріңізді естіп, ауданды әрі қарай дамыту бойынша ұсыныстарыңызбен танысу біз үшін өте маңызды. Ауылдық жерлерді дамыту мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Төлеби ауданында 2023 жылы 16 елді мекенде 27 жобаны іске асыруға 3,5 млрд теңге бөлінді. Ауыл тұрғындарының табысын арттыру, әл-ауқатын жақсарту мақсатында 2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 1 млрд теңгеге 190 жоба қаржыландырылды. Төлеби ауданының жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылдан бері 36 пайызға өсіп, 2023 жылы 146 млрд теңгеге жетті. Біз аудандағы кейбір салалардағы кемшілікті жасырмай ашық айтып, олардың шешу жолдарын қарастыруымыз қажет. Біз әлі де қоғамдық немесе әлеуметтік жұмыстардан бөлек, өз жұмыс орнымызды ашып үйренуіміз қажет. Нарық талабы солай. Бизнесті қолға алып, өндірісті дамытуымыз керек», – деген облыс басшысы Дархан Сатыбалды елімізде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына атсалысуға шақырды.
Мемлекет басшысы мектептерді жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамтуды тапсырған болатын. Облыста жалпы саны 330 мектепті жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету үшін «Starlink» спутниктік интернет құрылғысын орнату жұмыстары басталып, бүгінде 329 мектепте орнатылды. Оның ішінде Төлеби ауданында жоспарланған 20 мектептің 19-на қосылды. Қалған бір мектепте тамыз айында іске қосылады. Бастапқы интернеттің жылдамдығы секундына 20 мегабитке жетпейтін болған, қазіргі кезде 200 мегабитке жетіп, сапалы қызмет көрсетіліп жатыр.
Аудан әкімі Төлеген Телғараевтың ауданда 2023-2024 жылдары атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалған соң тұрғындардың сұрақтарына кезек берілді. Төлебиліктер инфрақұрылым, кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс пен туризм саласы және өзге де мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, өтініштерін айтты. Облыс әкімі әрбір өтініш бақылауға алынып, тиісті жұмыс жүретінін жеткізді. Сонымен бірге аудандағы өзекті мәселелерді қозғап, оларды шешу бойынша аудан әкімі мен басқарма басшыларына тапсырмалар берді.
«Кездесуден соң өңір басшысы жеке қабылдау өткізіп, аудан тұрғындарының өтініш-тілектеріне құлақ түрді. Жергілікті тұрғын Нысанбек елді мекенінің атауын Қапал батыр ауылы деп қайта атауды ұсынды. Зертас ауының тұрғыны осыған дейін көтерген елді мекенге спорт кешенін салу мәселесінің шешімін тапқаны үшін алғысын айтты. Төлебиліктер баспана, инфрақұрылым мәселелірін қозғады. Қабылдауға құқық қорғау органдары мен аудан, қала әкімдері, басқарма басшылары қатысып, мәселелердің тиісті шешімін табуға атсалысты. Өңір басшысы жауаптыларға нақты міндет жүктеді», — деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Төлеби ауданына сапар аясында облыс әкімі Дархан Сатыбалды аумақтың тазалығына жауапты мамандармен жүздесті. Аудандағы санитарлық тазалықты сақтау үшін техника сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқылып жатыр

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

Қарағанды облысында жыл соңына дейін 1500-ге жуық кезектегі азамат баспаналы болады

Каспий теңізінде жер сілкінді

«Халықтың жадында сақтауы тиіс»: Талғарда Шерзат Полат атындағы көше пайда болуы мүмкін (ВИДЕО)

Соңғы жазбалар

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

15 Қыркүйек, 2025

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

15 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды

15 Қыркүйек, 2025

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

15 Қыркүйек, 2025

Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды

15 Қыркүйек, 2025

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

15 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.